«Татуласу рәсімдері» жобасын іске асыру: жыл басынан бері барлық істердің 76%-ы тараптардың татуласуы арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астананың Сарыарқа аудандық сотында «Татуласу рәсімдері»  жобасы осыдан тура бір жыл бұрын қолға алына бастаған болатын. Сотта жобаны іске асыру кезінде тараптарға дауды медиатордың, адвокаттар мен татуластырушы судьялардың қатысуымен баламалы жол арқылы шешу ұсынылады.

Мәселен, жыл басынан бері барлық істердің 76%-ы татуластырушы судьяның көмегімен тараптардың татуласуы арқылы шешілді. Азаматтардың 96%-ы жобаға «өте жақсы» деген баға беріп, оның уақыт пен қаржыны үнемдеу жағынан тиімді екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, дауларды татуласу арқылы шешу өзара адами қатынастарды сақтауға ықпал етеді.

Бір жыл ішінде сан түрлі, атап айтқанда, тараптардың татуласуы арқылы міндеттемені орындауға мәжбүрлеу, шартты бұзу және жарамсыз деп тану, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жер дауы, мүлікті бөлу туралы, берешектерді, залалды, жалақыны, моральдық зиянды, сақтандыру төлемдерін, денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру жөніндегі, негізсіз баю және некені қию туралы даулар шешілді. Бұл 180 отбасыны шаңырағын шайқалтпай сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде 300-ден астам бала өз отбасыларында қалып, әке-шешелерінің тәрбиесін алатын болды. 

Медиативтік және бітімгершілік келісімдер туралы сот ұйғарымдарының 1-ден 2%-ға жуығына шағым берілді. Апелляция сот ұйғарымдарын өзгеріссіз қалдырды. Соған орай, дауды бейбіт жолмен реттеу туралы келісімдерді бекіту туралы барлық ұйғарымдар заңды әрі негізді деп танылды. Сот ұйғарымдарының 80%-ын тараптар сот орындаушыларын араластырмай өздері орындауда.

Источник: 
Астана қалалық соты