Жоғарғы Сот

Халықпен бірге!

06/04/2024

Бүгін түске дейін Жоғарғы Сот, Сот Әкімшілігі, Астана қаласы, Ақмола облысы, Әскери соттарының ұжымы «Халықпен бірге!» акциясына қатысты.
Сот қызметкерлері Ақмола облысындағы су тасқынына байланысты Тайтөбе ауылында 7 мың қапта 200 тонна құм дайындады.
Акцияға 300-ден аса қызметкер қатысты.
# Біз біргеміз!

Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімін Перизат Сәдуақас басқарады

04/03/2024

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ұжымға жаңадан тағайындалған Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақасты таныстырды.

П.Сәдуақас Қарағанды облысында дүниеге келген.

 

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, тарихшы, заңгер. Тарих ғылымдарының кандидаты.

4-ші санатты біліктілік сыныбы бар.

П.Сәдуақастың еңбек жолы:

Жоғарғы Сот әскери қызметшінің құқығын қалпына келтірді

26/02/2024

Тұрғын үй комиссиясы әскери қызметшіні тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде есепке қоюдан бас тартқан. Жергілікті соттар оның талап қоюын қанағаттандырмаған. Әйел жоғарғы сотқа жүгінді (6001-23-00-6ап/2390).

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «КИК» АҚ-мен жалдау шарты бойынша талап қоюшыға кейіннен сатып алу мүмкіндігімен уақытша иелену және пайдалану үшін 2016 жылы екі бөлмелі пәтер берілген. Жалдау мерзімі – 20 жыл. Оған пәтер алған кезден бастап бұрын тағайындалған тұрғын үй төлемдері түспеген.

Елордада судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қысқы спартакиадасы өтті

26/02/2024

Жоғарғы Сот, Судьялар одағының Астана қалалық филиалы және Астана қаласы сотының ұйымдастыруымен судьялар мен сот қызметкерлерінің дәстүрге айналған қысқы спартакиадасы өтті. Ұйымдастыруға Astana Ski Club-ның басшысы Александр Пилипенко мен шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық санаттағы төрешісі Владимир Шевчук қолдау көрсетті.

Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларға Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Астана қалалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов және шаңғы жарысы бойынша ҚР ұлттық санаттағы төрешісі Владимир Шевчук сәттілік тіледі.

Судьялар мен мәжілісмендер сот реформасының аспектілерін талқылады

23/02/2024

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысында сөз сөйледі.

Іс-шара елорданың аудандық соттар ғимаратында өтті.

Оның жұмысына ЖС алқаларының төрағалары және Сот әкімшілігінің (СӘ) басшылығы қатысты.

Кездесу алдында қонақтар кеңсенің фронт-офисіндегі, медиаторлар мен адвокаттардың жұмысымен, СӘ енгізген жаңа IT-өнімдерімен, сондай-ақ соттардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шараларымен танысты.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы өтті

22/02/2024

Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

Күн тәртібіне сәйкес облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының үлгілік регламенті бекітілді, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

Павлодар облысында бірінші сатыдағы соттар жаңа ғимаратқа көшті

16/02/2024

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бірінші сатыдағы соттардың жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты.

Іс-шараға Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, облыс судьялары, сот жүйесінің ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында А.Мерғалиев пен А.Байханов Президенттің жаңа, әділетті Қазақстанды құру туралы идеясының маңыздылығын және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қоғамның барлық саласының назарын аударғанын атап өтті.

ЖС: Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру жөніндегі комиссия әрекеттерінің заңсыз екенін атап көрсетті

14/02/2024

Банк борышкер А.-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына (Бағдарлама) сәйкес, қарызды қайта қаржыландыру жөнінде шешім қабылдау туралы шағымын қанағаттандыру бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары (ипотекалық қарыздары) қайта қаржыландырудан бас тартылған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі әкімдік жанындағы комиссияның шешімін даулау туралы талап қоюмен сотқа жүгінді (6001-23-00-6ап/971). 

Түркістан соттары жаңа ғимаратқа көшті

09/02/2024

Түркістан облыстық, қалалық және қаланың мамандандырылған барлық 8 соты Сот әкімшілігі құрылысын аяқтап, пайдалануға берген жаңа ғимаратқа көшті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мен Қырғызстан Жоғарғы соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Замирбек Базарбеков, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.

Таразда судьялар төрелік мәселелерін талқылады

06/02/2024

Жоғарғы Соттың судьялары Гүлжан Әлмағамбетова мен Маргарита Одинцова Жамбыл облыстық сотында өңірдің судьяларымен кездесіп, төрелік заңнамасының теориясы мен қолданылу практикасын талқылады.  

Іс-шара Жоғарғы Сот, USAID және ABA ROLI ынтымақтастығы аясында өткізілді.

Беттер