Архив событий

22/04/2024

Назгүл Рахметуллина Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды

22/04/2024

Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының ұжымына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Назгүл Рахметуллинаны таныстырды.
 

Назгүл Мәуілханқызы өз ісін адал атқаратын әрі принципшіл маман. Еліміздің сот жүйесінде атқарған көп жылдық тәжірибесі бар. Оның осы аса жауапты лауазымға тағайындалуы Мемлекет басшысының зор сенімін білдіреді», - деп атап өтті А.Мерғалиев.

Ол Н.Рахметуллина өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жұмсай отырып, қызметтік борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы: 14-процесс

22/04/2024

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Сот отырысы басталар алдында іс бойынша төрағалық етуші судья БАҚ өкілдерінің сот залына тікелей қатысуына рұқсат беріп, елордалық телеарналардың бірінің өкілдері алқабилердің фото және видео бейнелерін таратқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын ескертті.

Сот процесі барысында судья қорғаушы тараптың 2024 жылғы 3 қаңтардағы қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасын дәлелдеме ретінде жол берілмейді деп тану туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты.

Қ.Бишімбаевқа қатысты ашық сот процесі

22/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 22 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/qwRz3g6AJ0A?feature=share