Архив событий

04/04/2024

Жоғарғы Сотта Ә.Жүкенов пен З.Кейкібасованы құрметті отставкаға шығарып салу рәсімі өтті

04/04/2024

Парламент Сенаты Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов пен Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Зәуре Кейкібасованы қызметінен босатты.

Осыған орай өткен салтанатты іс-шарада Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев олардың атына жылы лебізін білдіріп, олардың 30 жылдық мінсіз судьялық қызметі мен беделін, сот жүйесін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталғандықтарын атап өтті.

Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы: 5-процесс

04/04/2024
А.ж. 4 сәуірінде Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот қылмыстық істің заттай дәлелдемелері мен материалдарын зерттеумен сотталушыдан жауап алуды жалғастырды.

  Сот «Бипэк Авто Қазақстан» АҚ-нан жалға алынған орман алқаптарын мемлекетке қайтарды

04/04/2024

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Өскемен орман шаруашылығының «Бипэк Авто Қазақстан» АҚ-на орманды ұзақ мерзімді пайдалануға жалға беру шарттарын бұзу туралы талап қоюын қанағаттандырды.
Істің мәні:

Жоғарғы Сот бопсалау және заңсыз қару сақтау бойынша сот актілерін күшінде қалдырды

04/04/2024
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы мен оның адвокатының өтінішхаты бойынша Б.Борамбайға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот үкімімен Борамбай алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында күш қолданып, бопсалау, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз сақтау (ҚК-тің 194-бабы 2-бөлігі 1), 2)-тармақтары, 287-баптың 4-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылған. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қазақстан мен Моңғолия Жоғарғы Соттарының Төрағалары ынтымақтастық перспективаларын талқылады

04/04/2024
Қазақстан мен Моңғолия Жоғарғы Соттарының Төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Ганзориг Дамдин онлайн-кездесуде өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады.
Моңғол әріптестерінің бастамасымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, СӘ Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Шакир Шаяхметов, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және МХР Судьялардың біліктілігін арттыру институтының директоры Чагдаа Хосбаяр және Эрденечимег Дашпунцаг қатысты.