Архив событий

15/04/2024

Жоғарғы Сот электронды бақылау құралдарын пайдаланып, баламалы алдын алу шараларын кеңейтуді ұсынады

15/04/2024

Жоғарғы Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау және баламалы бұлтартпау шараларын кеңейту бойынша тергеу соттарының құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылауды ұйымдастырды.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Президент Әкімшілігінің қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, судьялар, мемлекеттік органдардың, адвокаттардың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. 

 Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

15/04/2024

Түске дейінгі сот отырысында іс бойынша төрағалық етуші судья сот отырысы барысында бірнеше рет сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін адвокат Е.Ғазымжановқа қатысты жеке қаулы шығарды.
Одан әрі сот тараптардың өтінішхаты бойынша сотталушылардан қайта жауап алуды жалғастырды, сондай-ақ іс бойынша кейбір заттай дәлелдемелерді зерттеді.
Жұмыс уақытының аяқталуына байланысты отырыс а.ж. 16 сәуіріне сағат 09.30-ға шегерілді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

15/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 15 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/9twpuA3uGMQ?feature=share