Архив событий

10/04/2024

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

10/04/2024

А.ж 10 сәуірінде Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Бүгінгі сот отырысында 2 куәдан жауап алынды. Әрі қарай сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуге көшті, оның ішінде оқиға орнынан фото-бейне материалдарды көрсету, тексеру хаттамалары мен хат алмасуларын жариялау арқылы.
Жұмыс уақытының аяқталуына байланысты отырыс ағымдағы жылдың 11 сәуіріне, сағат 09.30-ға шегерілді.
 61718:28

 

Сотталған адамды қамаудан босатумен сот актілері өзгертілді

10/04/2024

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Демьяненкоға қатысты сот актілерін өзгертті.
Сот үкімімен Демьяненко ұрлық (ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылған.
Бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі ескеріліп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алқа істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.
Іс материалдарынан Демьяненко ұрлаған мүлік жәбірленушіге қайтарылғаны белгілі болды. Соңғысы сотталушымен татуласып, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер бейнелерінің БАҚ-та таратылуына қатысты  

10/04/2024

Жоғарғы Сот бұқаралық ақпарат құралдарында Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша алқабилер бейнелерінің жариялануына байланысты келесіні хабарлайды.
Процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото және бейнежазбаға түсуіне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескертті.
Тыйым алқабилерге қысым көрсету мүмкіндігін болдырмас үшін белгіленген.
Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

10/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 10 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/sTy9by1IcX0?feature=share

Жоғарғы Сот жеке кәсіпкерді жалпыға ортақ жолда кедергісіз және тегін жүруді қамтамасыз етуге міндеттеді

10/04/2024

6001-24-00-3gp/114
ЖШС өндірістік базаның және бір жер учаскесінің меншік иесі болып табылады, оған іргелес басқа жеке кәсіпкер жалға алған жер учаскесі орналасқан.
«Тіркеуді ұйымдастыру үшін» өзінің уаскесінде мақсатты жұмысын жүзеге асыра отырып, жеке кәсіпкер шлагбаум орнатып, одан өтуді ақылы жасаған.

Қ.Бишімбаевқа қатысты ашық сот процесі

10/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 10 сәуірде сағат 09:30-да өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/yv30aie-nqQ?feature=share

Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.