Архив событий

08/04/2024

Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы: 6-процесс

08/04/2024

 
 А.ж.8 сәуірінде Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

 Сотталушыдан жауап алғаннан кейін сот қылмыстық істің заттай дәлелдемелері мен материалдарын зерттей отырып, куәлерден жауап алуды жалғастырды.

 Соттың бастамасымен іс бойынша мән-жайларды толық және дұрыс анықтау мақсатында жауап алу үшін сотқа 7 куә мен 1 сарапшы шақырылды.

 Одан әрі жұмыс уақытының аяқталуына байланысты отырыс а.ж. 9 сәуіріне, сағат 09:30-ға шегерілді.

 

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

08/04/2024

 Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 8 сәуірде сағат 10.00-де өтеді.
 Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://www.youtube.com/live/LlTgplkYpBY?si=InikcuRbBqmvL4sx