Архив событий

11/04/2024

Е.Максюта MAKSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-де дәріс оқыды

11/04/2024

 Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта MAKSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY студенттеріне дәріс оқыды.
 Кездесуді Сот әкімшілігі, Құқықтық медиа орталығы және Жоғары оқу орнының халықаралық журналистика мектебі өткізді.
 Болашақ журналистер сот саласының білікті маманынан сот жүйесі, сот ісін жүргізу және судьялардың мәртебесі туралы практикалық ақпарат алды.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

11/04/2024

А.ж. 11 сәуірінде Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

11/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 11 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/Rkpkt45eszs?feature=share

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

11/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында қорғаушы тарап төрағалық етуші судья Айжан Құлбаеваға қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, қарсылық білдіруді сол соттың судьясы С.Тасымбетов алқабилер мен судья Құлбаеваның қатысуынсыз қарады.

Қарсылық білдіруді қарау нәтижелері бойынша соттың қаулысымен қорғаушы тарап берген судьяға қарсылық білдіру қанағаттандырусыз қалдырылды.

Істі қарау қайта жалғасты.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпталған С.-ға қатысты кезекті сот отырысы өтті

11/04/2024

Өткен жолғы сот отырысында сотталушы кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы өтінішхат берген. Сот тараптарға осы мәселені шешуге уақыт белгілеген болатын.

Бүгін, прокурор активтерді, оның ішінде шетелдегілерін қайтару рәсімі уақытты талап ететініне назар аударып, істі кейінге қалдыру және тараптарға аталған рәсімдерді орындау үшін мерзім беру туралы өтінішхатын білдірді. 

Сот отырысы процестік келісім жасау туралы мәселені шешу үшін ақылға қонымды мерзімге кейінге қалдырылды.

Жоғарғы Сот жауапкердің негізсіз баюын анықтап, одан 4 миллионнан астам теңгені өндіріп алды

11/04/2024

Бейтаныс азамат әйелге телефон соғып, өзін компанияның делдалымын деп таныстырып, мұнай-газ саласына ақша салып, аз уақытта табыс табуды ұсынған.

6001-23-00-3пп/139

Әйел келісіп, бейтаныс адам көрсеткен карта нөміріне жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам ақша аударған. Кейіннен оған бұл компанияның Қазақстанда тіркелмегені және делдалдық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ екені белгілі болған. Осыған байланысты әйел жауапкердің әрекетін негізсіз баю деп атап, 4 миллион теңгеден астам соманы өндіруді сұраған.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

11/04/2024

  Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 11 сәуірде сағат 09:30-да өтеді. 

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/Lhd3FbIUq9I?feature=share