Архив событий

03/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтті

03/04/2024
А.ж. 3 сәуірінде Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр және Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.
Сот отырысы сотталушыдан жауап алуды жалғастырумен басталды.

Өлімге әкеліп соққан автобуспен болған жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

03/04/2024
Бүгін, 2024 жылдың 3 сәуірінде Алматы қаласының Алатау аудандық сотында сотталушы А. – ға қатысты бұзақылық жасау, сондай-ақ екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерін бұзу туралы (ҚР ҚК 293-бабының, 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).қылмыстық іс бойынша СОТ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

03/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 3 сәуірде сағат 10.00-де өтеді.