Архив событий

01/04/2024

Қ.Бишiмбаевқа қатысты қылмыстық iс бойынша алқбилердiң қатысуымен кезектi сот өттi

01/04/2024

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Процесс алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр және Жоғарғы Соттың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Отырыс басталар алдында прокурор процеске қатысушыларға соттың процеске өтуіне қатысты жеке пікірін білдіретін ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салу туралы өтінішхат енгізді, себебі бұл алқабилердің пікіріне теріс әсер етуі және олардың арасында теріс пікір туғызуы мүмкін.

Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойыншы басты сот отырысы өтті

01/04/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату (ҚК-нің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша айыпталған Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті.

Отырыста прокурор айыптау актісін оқыды.

Қ.Сатыбалды өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады.

Ал, алдын ала тыңдау барысында қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді.

Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды

01/04/2024
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы В.Худяковқа қатысты үкімнің күшін жойды.
Сот үкімімен Худяков құрамында есірткі заттар бар қарасораның тыйым салынған сорттарын заңсыз егіп, өсіргені үшін (ҚК 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағы) кінәлі деп танылған. Оған 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Алқа істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

01/04/2024

 

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 1 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.

Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыслық іс бойынша басты сот отырысы өтті

01/04/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату (ҚК-нің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша айыпталған Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті.

Отырыста прокурор айыптау актісін оқыды.

Қ.Сатыбалды өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады.

Ал, алдын ала тыңдау барысында қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді.

Қ. Бишімбаевқа қатысты ашық сот процесі

01/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 1 сәуірде сағат 10.00-де өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/J4KUjDqxA74?feature=share

Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.