Сс, 06/02/2024 - 10:24
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Жоғарғы Соттың судьялары Гүлжан Әлмағамбетова мен Маргарита Одинцова Жамбыл облыстық сотында өңірдің судьяларымен кездесіп, төрелік заңнамасының теориясы мен қолданылу практикасын талқылады.
Іс-шара Жоғарғы Сот, USAID және ABA ROLI ынтымақтастығы аясында өткізілді.
Кездесу кезінде Г.Әлмағамбетова мен М.Одинцова төрелік рәсімдерін жүзеге асыру, ЖС-ың соттардың төрелік заңнаманы қолдануы туралы нормативтік қаулысының ережелері, төрелік пен соттар құзыретінің ара-жігін ажырату, төрелік шешімдерінің күшін жою және оларды мәжбүрлеп орындату туралы өтінішхаттарды қарау мәселелері туралы сұрақтарға жауап берді.
Қайнар:
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі