Қарағанды облыстық сотында медиация рәсімін өткізу бойынша әдістемелік құрал таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұл құралды Қарағанды облыстық сотының татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьялары Ләззат Баян мен Динара Мутубаева әзірлеп шығарды.

Әдістемелік құрал татуластыру рәсімдерінің біркелкі болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Авторлар татуластыру рәсімдерінің әдістері мен техникасына ерекше мән беріп, нақты мысалдар мен ұсынымдар келтірген. Құрал  виртуалды және кешкі медиацияны жүргізудің, сотта татуластырудың алғышарттары, медиацияны интеграциялаудың халықаралық  практикасы, даулардың жекелеген санаттары бойынша татуластыру рәсімдерін қолданудың өзгешеліктері мен ерекшеліктері туралы ақпарат береді.

Басылым медиациялық технологияларды азаматтық сот ісін жүргізуде (талап арыздарды қабылдау, істі сот талқылауына дайындау сатысында және сотта), қылмыстық процесте қолданудың ерекшеліктерін және  шиеленісті шешудің барынша тиімді тәсілін таңдауға мүмкіндік беретін басқа да әдістерді (сотқа дейінгі анкеталар,сауалнама) ашады.

Таныстырылым соңында практикада қолданылатын құжаттар тізіліміне шолу жасалды.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі