Еңбек дауларын қарау жөніндегі пилоттық жобаның тиімділігі туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Байқоңыр» ауданының сотында, Есіл аудандық және Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында «Еңбек дауларының және көпшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың профилактикасы» пилоттық жобасы іске асырылуда.

Бұл жоба еңбек ұжымдарындағы дау-жанжалдарды азайтуға бағытталған. Осындай мақсатпен қала ұйымдары мен кәсіпорындарында аталған жоба аясында еңбек-құқықтық қатынастары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізілген іс-шаралардың  нәтижелері жобаның сәттілігін көрсетіп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында еңбек даулары бойынша 296 іс қаралды, бұл  2018 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 7 іске кем. 

Келіп түскен  331 талап арыздың 55-і татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы даудың реттелуіне байланысты кері қайтарылды.

Аудандық соттардың еңбекті қорғау және бұзылған құқықтарды сотқа дейін қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен бірлесе әрекет жасауы нәтижесінде 52 талап қою арызы қараусыз қалдырылды.

Пилоттық жобаны ойдағыдай іске асыру үшін Астананың аудандық соттарында  судья-татуластырушы талап қою арызы тіркелгеннен кейін және азаматтық іс қозғалғанға дейін (ҚР АПК-нің 155-бабының 1-ші бөлігіне сәйкес – бес жұмыс күнінде) тараптарды шақырады және түсіндіру жұмысын жүргізеді. Бұл жұмыс азаматтық іс қозғалғаннан кейін де жалғасады. Аяқталған істердің санына шаққанда  47 іс бойынша іс жүргізудің тоқтатылуы  (16 %) (2018 жылы – 31 іс немесе 11 %) осындай іс-шаралардың нәтижесі болып табылады.

Мәселен, түсіндіру жұмыстарының қорытындылары бойынша еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың ықпал етуімен 52 талап қою арызы қараусыз қалдырылды. Медиация және келісу порталы медиаторының және «LEGAL-SYSTEM» заңгерлік консультанттар палатасы заңгерінің қатысуымен  ЖШС 29 жұмыскердің жалақысы бойынша 9 800 000 теңге берешекті өтеді. Астана қалалық ортаны бақылау және сапасын қадағалау басқармасының ықпал етуімен сотқа дейінгі тәртіппен 951 жұмыскердің құқықтары қорғалды, жалақы бойынша 44,4 млн. теңгенің берешегі өтелді. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі