Республика соттарында медиацияны дамыту және құқықты қолдану мәселелерін талқылау жөнінде бірқатар іс-шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының  азаматтық алқа сотының төрағасы Бақытбек Бегалиев  «Қазіргі заманғы сот төрелігі, проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдары» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара «Отбасы соты» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.  Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, адвокатура, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ БКБ арқылы өңірлік судьялар қатысты.

Б.Биғалиев, баяндамасында «Отбасы соты» жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

«Кәмелетке толмаған балалардың құқылары мен отбасы құндылықтары – мемлекеттік саясаттың басымды бағыты», - деп атап өтті ювеналдық сот төрағасы Қаламқас Темірова. Спикер жоба туралы, соттағы психологтың жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.  

Павлодар қалалық сотының және әкімшілік мамандандырылған сотының  судьялары Жанар Машанова мен Серік Марданов психологтар мен медиаторлардың ерлі-зайыптыларды татуластыру мақсатында жүргізілетін жұмыстары туралы айтып өтті.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Юрий Колесников, Кәсіподақ орталығының төрағасы  Динара Айтжанова, әділет департаментінің Бөлім бастығы Лариса Кабжасарова, Медиация орталығының бастығы Ольга Николашиналар жобаны іске асыруды өзектендіруге қатысушылардың назарын аудартты және жанжалдасушы ерлі-зайыптылардың татуласуына бағытталған бірлескен әрекеттер алгоритмі бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Жұмыс қорытындысы бойынша дөңгелек үстел қатысушылары  жобаны одан әрі дамыту бойынша өздерінің ұсыныстарын енгізді, олардың негізінде тиісті әдістемелік ұсынымдар дайындалады.  

 

 Павлодарда «Мектеп, колледж-жанжалсыз аумақ» мектеп медиациясын енгізу жөніндегі жобасы  2017 жылғы 1 қарашадан бастап іске қосылды.

Облыстағы судьялар, медиаторлар мен педагогтер бірлесіп, 2018 жылы 6 мектепте, құрылыс, машина жасау және темір жол колледждерінде  іс-шара өткізді.Оның нәтижесінде 2018 жылы  медиация туралы 22 келісім жасалған. Жоба 2019 жылы тағы 7 мектепте  және 20 колледжде іске асырылды. Мектеп директорларына, әлеуметтік педагогтерге және психологтарға арналған оқыту семинарлары, сондай-ақ мектеп және колледжре оқушыларына құқықтық турнирлер өткізілді.

Турнирлер кәмелетке толмағандар арасында құқыққа және медиацияға деген үлкен танымдық қызығушылық тудырды, жанжалдың ең бастапқы сатысында медиацияны қолдану жолымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатына қол жеткізілді.

 

 

Сот жүйесінің ардагері Марина Иванова, осындай іс-шраларға жас буынды баулу, олардың білім деңгейін ғана арттырмайтынына, сонымен қатар баланың жеке басының әлеуетін, таланты мен бойындағы қабілеттерін  аша түсетініне, нәтижесінде құқық бұзушылықтың профилактикасына қолжеткізетіндігіне сенімді екенін білдірді. 

 

 

Қарағанды облыстық сотында «Отбасылық қақтығыстардың пайда болу механизмдерінің теориясы» тақырыбында семинар өтті.

Оқытуды «Болашақ» академиясының педагогика және психология магистрі Ирина Эльрих жүргізді.

И. Эльрих өз сөзінде отбасылық жанжалдың түсінігі, құрылымдық элементтері және саралануы туралы айта келе,  отбасылық жанжалдарды бастапқы кезеңде шешу мүмкіндігін атап өтті. Сондықтан отбасылық қатынастарды сауықтыру, отбасын сақтау, тараптардың татуласуы жөнінде тиісті шараларды нақты осы кезеңде  қабылдау қажет деп санайды спикер.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының судьясы Динара Мутубаева «Неке-отбасы даулары мен психологтарды, медиаторларды, әлеуметтік қызметкерлерді қатыстыра отырып, мәні бойынша қаралғанға дейін талап арыздарды қабылдау сатысынан отбасын сүйемелдеу механизмін әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.

Ол «Отбасылық сот» деген пилоттық жобасы отбасылық жанжалдарды шешу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізе отырып, отбасы дауларын, жанжалдарды сотқа дейінгі реттеудегі рөлін өзектілендіруге бағытталғанын хабарлады.

Қарағанды соттарының бірінші кезекте Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-мен, «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығымен бірлескен жұмыстар туралы атап өтілді.

Мүдделі тараптардың ынтымақтастығы іс-шаралар кешенін әзірлеуге мүмкіндік берді. Бұл ата-аналар үшін некені бұзудың құқықтық салдарын және  баланың одан әрі дамуына деген оның ықпалын түсіндіре отырып, жас ата-аналарды психологиялық қолдауды жүзеге асыруға, отбасы мен некенің дәстүрлі құндылықтарын, мораль мен адамгершілікті қолдауға арналған консультация болды.

Мүдделі тараптардың ынтымақтастығы іс-шаралар кешенін жасауға мүмкіндік берді. Бұл ата-аналарға неке бұзудың заңды салдарларын түсіндіретін және ата-аналар үшін психологиялық қолдау көрсету арқылы баланың одан әрі дамуына оның әсер етуі туралы түсіндірме жұмыстары, ата-аналардың отбасылық және некелік құндылықтарын, мораль мен этика дәстүрлі құндылықтарын қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін консультациялар болып табылады. Неке-отбасы қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талап арыздарды қабылдау сатысынан бастап және мәні бойынша қаралғанға дейін отбасын сүйемелдеу механизмі әзірленді.

Отбасылық жанжалдарды шешу мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болды.

 

 

Ақтөбе олыстық сотында заңнама талаптарын және дәлелдемелерді соттардың бағалау критерийлерін талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Аталған  іс-шараға судьялар мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайырбек Елемесов өз сөзінде сотқа дейінгі сатыда да, әрі іс бойынша сот ісін жүргізу кезінде де азаматтардың конституциялық құқылары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қылмыстық істер бойынша қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен заңдылығы үшін аса қажет шынайы және қатысы бар дәлелдемелерді жинақтаудың қажеттілігін баса айтып өтті.

Іс-шара шеберінде жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде жинақталған дәлелдемелер базасын бағалау мәселелері мен қызметкерлердің әрекеттері талқыға түсті.

Департамент басшысы Мирлан Мухамбетов, жедел материалдар жинақтаудың кейбір проблемаларын атай келе, талқыланып отырған тақырып бойынша бірқатар мәселелерді және ұсыныстарды атап өтті.

Департаменттің тергеу басқармасының басшысы Гульфарида Таубаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызметті және департаменттің функцияларын жетілдіру  бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпараттандырды.

Кездесуге қатысушылар осындай проблемаларды шешудің нақты үлгілерін келтірді, олар аталған іс-шара қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қатарына қосылды.

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов облыстық сотта  «дөңгелек үстел» өткізді, қатысушылар дәлелдемелерді бағалау, теріс әрекеттерді саралау, залал мөлшерін белгілеу бойынша құқық қолдану мәселелерін талқылады.

Осы іс-шараға судьялар,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері қатысты.

Е.Айтжанов іс-шараның мақсаты заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыстық процесс алаңына түскен азаматтардың конституциялық құқылары мен заңды мүдделерін мүлтіксіз қорғаудың маңыздылығын айтты. «Қылмыстық процестің негізі дәлелдеу рәсімі, нақты айтқанда  қылмыстық істер бойынша қабылданатын шешімдердің объективтілігі мен заңдылығы үшін аса қажет шынайы және қатысы бар дәлелдемелерді жинақтаудың қажеттілігін баса айтып өтті. «Қабалданған шешім адамның тағдырына, келешегіне ықпал етеді, оның туғандары мен жақындары үшін маңызды болып табылады», - деді Е.Айтжанов.

Департамент басшысы Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлық қызметі азаматтарға конституциялық құқықтарын арттыруға, жедел-іздеу шаралары мен тергеу әрекеттерін өткізу әдістерін және  дағдыларын жетілдіруге бағытталғанын айтты.

Облыстық соттың қылмыстық алқа төрағасы оқиға орнын қарап-тексеру барысында қылмыстық-процестік заңнаманы бұзуға және сарсаңға салуға, сондай-ақ негізсіз тергеуді ұзақ мерзім жүргізуге  жол бермеуді басты назарға алды.

«Дөңгелек үстел» соңында «қатысушылар ұсыныстарды пысықтады, сондай-ақ кездесудің қорытындысы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге оң ықпал титініне сенімділік танытты.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі