Қызылордада бір күннің ішінде некені бұзу туралы бес дау сотқа дейінгі тәртіпте реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру аясында Қылылорда қалалық соты бір жұмыс күнінің ішінде некені бұзу туралы бес талап арыз бойынша медиативтік келісімдерді бекітті.   

Осылайша, талап арыздар соттың іс жүргізуіне қабылданбай тұрып, некені бұзуға бастамашылық жасаған ерлі-зайыптылар медиативтік келісімге қол қойып, некелерін сақтап қалған. Жоба азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік бажды төлеуге кететін ақшалай қаражаттарын жұмсамай-ақ дауларды сотқа дейін шешуге мүмкіндік берді.

Жобаның аясында былтырғы жылы сот 435 талап арызды қарады, оның ішіндегі 262 іс татуласумен аяқталды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сот 632 талап арызды қарап, оның 311-де тараптар татуласты.  

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі