Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотында Отбасы орталығы ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Салтанатты ашу рәсімін Жамбыл облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен Билер кеңесінің ақсақалы Мейірбек Болатбеков өткізді.

Іс-шараға судьялар, аудан әкімдігінің өкілдері, адвокаттар, медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Ж.Рүстембеков кездесуде осындай орталықтарды аша отырып, соттар сотқа дейін және сот сатысында, бірінші кезекте отбасы жанжалдарын шешуде татуластыру рәсімдерін дамытуға ұмтылатынын атап өтті.

Облыстық соттың судьясы Гүлнара Асылбек жергілікті белсенділердің сотқа дейін және сотта отбасы дауларын реттеуде татуластыру рәсімдерін көпшілікке таратып түсіндіру және кең қолдану бойынша қолдап отырғандарын атап көрсетті. 

Аудандық соттың төрағасы Ерғазы Тілеубековтың пікірінше, Орталықтағы жайлы жағдай жанжалдасушы ерлі-зайыптылардың татуласуына және отбасын сақтауына оң әсер етеді. Сонымен бірге, ол қаржылық қиындықты, жұбайлардың маскүнемдігі, есірткі және ойын құмарлығы, туыстардың отбасы ісіне араласуы, ерлі-зайыптылардың опасыздығы және тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасылар ажырасуының ең көп тараған себептері деп атады. Спикер әлі күнге дейін отбасы дауларын сотта шешкен дұрыс деп ойлайтындар Орталықта түсіністікке келеді деп пайымдайды. «Отбасы соты ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдардың азаюына септігін тигізеді», - деп атап өтті ол.

Кездесуге қатысушылар соттың және ауданы әкімі жанында құрылған жұмыс тобының әрекет ету алгоритмін талқылады, отбасы құндылықтарын кеңінен дәріптеу бойынша бірлескен жұмыстар бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Аудан соттарында «Отбасы соты» жобасының шеңберінде төрт Отбасы орталығы ашылды және нәтижелі қызмет етуде.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі