Павлодар облыстық соты

Павлодар облысының соттарында татуласу кабинеттері ашылды

31/05/2018

Павлодар облыстық және қалалық соттарындағы татуласу кабинеттерінің ашылу салтанатына азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев және облыстық соттың судьясы Гүлнар Джаппарова қатысты.

Павлодар облыстық соты еңбек дауын медиация арқылы татуластырды

16/05/2018

Павлодар қалалық соты жеке тұлғаның еңбек шартын бұзу және 400 000 теңге еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы дара кәсіпкерге қатысты талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағымын қарай отыра, тараптардың татуласуға құқығын түсіндірді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тараптармен дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісім ресімделіп, оған қол қойылды.

Павлодарда «Мектеп пен колледж – жанжалсыз аумақ» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

10/05/2018

Павлодар облыстық соты, облыс әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығы және білім беру басқармасы арасындағы келісім нәтижесінде 2017 жылғы 1-қарашадан бастап Павлодарда «Мектеп пен колледж – жанжалсыз аумақ» пилоттық жобасы өз жұмысын бастаған болатын.

Павлодарда заңды тұлға мен дара кәсіпкер арасындағы дау сот медиациясы нәтижесінде қысқартылды

02/05/2018

Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық соты зиянды өтеу есебінде дара кәсіпкерден 2 993 499 теңге өндіріп алу туралы ЖШС-нің талабын қарап қанағаттандырды.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымын қарап, татуластыру рәсімін қолдана отырып, дауды реттеу мүмкіндігі туралы түсінік бере отырып тараптарға жүгінді. Медиацияның тиімділігін түсінген тараптар татуласуға келісті.

Павлодарда медиациялық келісімді жасау талап қоюшыға жарты миллион теңгеден астам мемлекеттік бажды қайтаруға мүмкіндік берді

28/04/2018

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС «Завод Format» ЖШС-не 22 810 840 теңге берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот талқылауы барысында судья дауды татуластыру рәсімін қолдану арқылы шешу мүмкіндігін түсіндірді. Нәтижесінде, тараптар оның артықшылығын түсініп, сот медиациясы тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге келу туралы өз пікірлерін білдірді.

Павлодарда төрт миллион теңгені өндіріп алу туралы дау сот медиациясы тәртібінде реттелді

26/04/2018

Ақсу қалалық соты Ф.-тың О.-ға 4 055 240 теңге мен сот шығындарын өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырды.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша істі қарап, тараптардың медиация тәртібінде дауды (жанжалды) реттеу туралы келісіммен істі аяқтауға процестік құқығын түсіндіріп өтті. Тараптар ойланып, сот медиациясын жүргізуге ниет білдірді.

Павлодарда сот жауапкер мемлекеттік органға қызметкерлерінің азаматтар өтініштеріне төрешілдікпен қарағандығын ескерте келе, талап қоюшының құқықтарын қорғады

19/04/2018

Павлодарлық Б. Әлеуметтік қорғау және көші-қон, еңбек комитеті департаментіне Павлодар индустриалдық институтының күндізгі дайындық бөлімінде оқу мерзімінің еңбек өтілінен 1-курсқа алған кезден бастап оқу циклінің басына дейінгі кезеңді аталған оқу орнындағы әскери дайындықтан өту кезеңін алып тастауды заңсыз деп тану және жауапкерге көрсетілген кезеңдерді еңбек өтіліне зейнетақыны есептеу үшін қосу міндетін жүктеу туралы  арызбен сотқа жүгінді.

Павлодар қалалық соты Б.-ның талаптары ішінара қанағаттандырды.

Павлодар облыстық соты сотталғанды ақтап, қамаудан босатты

29/03/2018

Павлодар қаласының № 2 соты Виталий Мозжухинді 3 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде өтеуге үкім шығарды.  

Сот оны суық қаруды заңсыз алып жүргені және аса ірі мөлшерде есірткі затын сату мақсатынсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Сотталғаннан 693 074 теңге көлеміндегі өтемақы (сараптама өткізуге байланысты процестік шығындар) өндіріліп алынды, оған бас бостандығынан айыру орнында есірткі құмарлық дертінен мәжбүрлі түрде емдеу шарасы тағайындалды.

Беттер