Павлодар облыстық соты

Павлодар облыстық сотында бұйрық арқылы іс жүргізу туралы қылмыстық-процестік заңнаманың жаңашылдықтарын түсіндіріп өтті

20/03/2018

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин «дөңгелек үстел» өткізді, оның барысында қатысушылар бұйрық арқылы іс жүргізудің өзекті мәселелерін талқылап өтті.

Талқылауға судьялар, прокуратура, Павлодар қаласының ІІД мен ІІБ-ның өкілдері қатысты.

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында «Медиатор бұрышы» ашылды

01/03/2018

Павлодар облыстық сотының бастамасымен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде аумақ әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация орталығы мен Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының ғимаратында Медиатор бұрышы ашылды.

Кәсіпкерлер палатасына барып қайтып, өңір кәсіпкерлері бизнес жүргізудің даулы мәселелері бойынша кәсіпқой медиатордан тегін кеңес ала алады.

Павлодарда судьялар құқықтық турнирде жарысты

15/12/2017

Іс-шарада облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов құқықтық турнурдің маңыздылығын атап өтті. «Заңнама біліміне жарыстар өткізу кәсібилік пен біліктіліктің артуына, шешендік дағдыларды дамытуға  ықпал етеді, бұл судьялар үшін маңызды болып табылады», - деді ол.

Зияткерлік байқауға 4 команда :  «Әділет» (Павлодар қалалық сотының судьялары), «Екібас» (Экібастұз қалалық соты), «Парасат» (мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты), «Фемида» (Ақсу қалалық және облыстың аудандық сотының құрама командасы) қатысты.

Павлодарда «Рухани жаңғыру - тұрақты елдің негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті

08/12/2017

Ғылыми-практикалық конференция Елбасының рухани жаңғыру идеясының маңыздылығын айшықтау, қазақ билер сотының дамуы мен құрылу тарихын зерттеу, Алаш орда қозғалысының тарихи рөлін бағамдау, сан ғасырлық мәдени мұраны сақтау арқылы ұлттық кодты қалыптастыру тетіктерін айқындау, жастардың бойында мемлекет және құқық тарихына сый-құрмет қарым-қатынасын тәрбиелеу, мақтаныш және патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Павлодарда мектеп медиациясын енгізудің келешегі талқыланды

16/11/2017

Павлодардағы «Достық үйінде» облыстық сот пен Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Медиация - бейбітшілік пен келісім жолы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. 

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов, судьялар, білім беру мекемелерінің директорлары, кәсіби медиаторлар, Павлодар облысы әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының, білім беру басқармасының, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық сотында сот менторлығы мен тәлімгерліктің өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

03/11/2017

Павлодар облыстық сотында үш жылға дейін жұмыс өтілі бар жас судьялар арасында тәлімгерлік пен менторлық бойынша семинар өтті.

Семинарды аша келе, облыстық соттың судьясы Гүлнәр Джаппарова сот менторлығы туралы Ережені Судьялар Одағы Орталық кеңесінің қаулысымен бекітілгені жөнінде еске салды. Оның айтуынша аумақта шамамен 30 % судьяда 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар. Сондықтан да судьяларға деген жоғары талаптарын есепке ала отырып, менторлық мәселесі өзекті болып табылады.

Апелляциялық саты жұмыскердің конституциялық құқықтарын қорғап, жұмыс берушіге жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндеттеді

01/11/2017

Азамат Б. «Богатырь Комир» ЖШС-не өзіне қатысты Серіктестіктің әрекетін заңсыз, жіберген құқық бұзушылықтарды жою міндеттерін жүктеу, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні әзірлеу және беру туралы талабымен сотқа жүгінді.

Павлодар облыстық соты мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

31/10/2017

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында салтанатты түрде Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов және облыстың ірі бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Аумақтық деңгейде тиімді өзара әрекеттесу үшін негіздеме болатын құжат Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов пен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Серік Байсейітовтың қолтаңбаларымен бекітілді.

Павлодар облыстық сотында «Атамекен» кәсіпкерлердің Аймақтық Палатасы өкілдерімен кездесу өтті

24/10/2017

2017 жылдың 18 қазанында Павлодар облыстық сотында облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұловтың Павлодар облыстық кәсіпкерлер Аймақтық Палатасы өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты сот төрелігі, әділеттілік және ашықтық қағидаттары негізінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында келешектегі қарым-қатынастарды  талқылау болды.

Павлодар облыстық сотында балалар мүддесінде азаматтық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелерді талқылап өтті

17/10/2017

«Балалар мүддесінде азаматтық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Мұқанов, судьялар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, білім беру бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сарапшы-психологтар, медиаторлар, адвокаттар, жеке сот орындаушылар қатысты.

Беттер