Павлодар облыстық соты

Павлодарда сот акционерлік қоғамнан бұрынғы қызметкердің пайдасына моральдық зиянды өтеу түрінде үш миллион теңге өндіріп алды

11/07/2017

Б. келтірілген моральдық зиянды өтеу мақсатында өзі қызмет атқарған акционерлік қоғамнан өтемақы өндіріп алу талабымен Екібастұз қалалық сотына жүгінді.

Республика соттарда оқыту семинарлар өтті

01/07/2017

Павлодар облыстық сотында  азаматтық процесте атқарушылық іс жүргізу туралы мәселені талқылап өтті.

Азаматтық процесте атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» жұмысына жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшылары, жеке сот орындаушылары, прокурорлар, адвокаттар, Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының, банктердің өкілдері, облыстық және қалалық соттардың судьялары қатысты.

Павлодарда сот Семей ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамның құқығын қорғады

29/06/2017

Б. жалдау шарты негізінде отбасымен бірге тұратын қызметтік пәтерді өтеусіз жекешелендіру шартын жасау туралы арызымен тұрғын үй комиссиясына жүгінген.

Жергілікті атқару органының қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен «Тұрғын үй қатынастары» Заңының нормаларына, соның ішінде, тұрғын үй құқық қатынастарынан туындайтын даулардың шешу тәртібін көздейтін 8-бабына сілтеме жасап, яғни нақты құқықтық негізсіз қабылданған шешімнің күші жойылды.

Павлодар облыстық сотының төрағасы онлайн-режимінде азаматтар қабылдауын өткізді

20/06/2017

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов бейнебайланыс арқылы Баянауыл және Успен аудандарының азаматтарын қабылдады.  

Бейнебайланыс жүйесін қолдану азаматтарға қалаға келмей-ақ, төрағамен нақты уақыт режимінде байланысуға және өздерін қызықтыратын сұрақтарға тиянақты жауап алуға мүмкіндік береді.

Осы күні жеті тұрғын төрағаға сұрақтарымен жүгінді.

Павлодар облыстық сотында терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

13/06/2017

В состав казахстанской делегации вошли председатель Союза судей Республики Казахстан, председатель Карагандинского областного суда  Мусабек Алимбеков, исполнительный директор Казахстанского союза юристов Дарига Курманова, судья Восточно-Казахстанского областного суда Елдос Жумаксанов и судья в отставке Галина Былкылова.

В работе съезда приняли участие представитель Администрации Президента Республики Беларусь, министры, представители государственных органов, правоведы и деятели науки, судьи и юристы ряда зарубежных стран.

Павлодарда жер дауларын қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

01/06/2017

Павлодар облыстық сотының «дөңгелек үстелінде» мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюмен байланысты жер дауларын қараудың сот практикасы талқыланды.

Іс-шараға адвокаттар, прокурорлар, судьялар мен уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Отырысты облыстық соттың судьясы Гүлсара Гаипова жүргізді.

Павлодарда сот 40 медиациялық келісім жасап, қылмыстық істі қысқартты

30/05/2017

Ақтоғай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты, яғни ірі қара малды иемденіп, талан-таражға салып, жәбірленушілерге 21 390 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірген азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жылқышы болып жұмыс істеген сотталушы 2015 жылғы мамырдан бастап 2016 жылғы тамыз аралығында 142 жылқы б ұрлап, оларды басқа адамдарға өткізген.

Ақмолада және Павлодарда сақтандыру туралы заңнаманы қолдану мәселелерін талқылау және оқыту бойынша іс-шаралар өтті

22/05/2017

Ақмола облыстық соты жас судьялар үшін үлгілі сот отырысының көрсетілімін өткізді.

Сот отырысының көрсетілімінде облыстық сот алқаларының төрағалары, жас судьялар, тәлімгерлер, менторлар, отставкадағы судьялар, сот қызметкерлері мен тағылымдамадан өтуші кандидаттар қатысты.

Алматы, Павлодар, Ақтау және Қостанай соттарында сақтандыру және қылмыстық процестегі азаматтық талап арыз дауларын қарау мәселелері талқыланды

18/05/2017

Алматы қалалық сотында «Сақтандыру туралы заңнаманы қолдана отырып дауларды қараудың сот практикасы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға қатысушылар Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештайдың өмірден мезгілсіз озуына байланысты оны бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы төрағасының м.а. Е.Нұралиев іс-шараны ашып берді, қалалық сотының судьясы Г.Қожаханова жиынды жүргізді.

Павлодар облыстық соты судьялыққа үміткерлер үшін рөлдік семинар-тренинг өткізді

16/05/2017

Семинар өндірістен ажырамай төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтіп жатқан судьялыққа үміткерлерге бағытталған.

Оқу Ұлт Жоспарының судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизімі мен біліктілік талаптарын қатайту бойынша қадамын іске асыру   шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар сот процесін көрсету -  рөлдік ойын нысанында өткізілді.

Беттер