Архив событий

08/11/2013

Алматыдағы отбасыны өлтіргендерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

08/11/2013

8 қарашада Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласындағы бір отбасын қырып кеткен қылмыскерлерге қатысты сот үкімін жариялады.  Бұл қоғамдық пікір туғызған істі аталған  соттың төрағасы Бұлытбай Мамытов қарады.

Сот үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы Ихболжон Турдиев, Алматы облысының тұрғындары Ерлан Мамреев пен Бақытжан Мұқажановтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179- бабының 4-бөлігінің «б» тармағы, 96-бабтың 2-бөлімінің «а,в,д,ж,з,о» тармақтарымен кінәлі деп танылды.