Архив событий

10/10/2014

Онтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, қылмыстық-процестік кодексінің негізгі новеллалары тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті

10/10/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодексінің негізгі новеллалары жөнінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға  облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы З.Пірнияз, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура,  ішкі істер органдарының  және БАҚ өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық соты жас судьяларға арналған семинар өткізді

10/10/2014

Бүгін Павлодар облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар үшін семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Б.Қаженов, аппеляциялық сот алқаларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, оқу бағдарламаларының үйлестірушілері қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты – жас судьяларды Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларын тәжірибеде қолдануға үйрету.

Бішкекте Жоғары төрелік, шаруашылық және өзге де соттар төрағалары кеңесінің XI отырысы өтті

10/10/2014

2014 жылғы 9 қазанда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы, атап айтқанда, Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадалау сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров, судьялар А.Ө. Сәрсенбаев және Ұ.А. Сүлейменова ТМД-ға мүше елдердің экономика саласындағы дауларды шешетін Жоғары төрелік, шаруашылық және өзге де соттар төрағалары кеңесінің XI отырысына қатысты.