Архив событий

22/07/2017

Судьялар «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады

22/07/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бастаған республика судьяларының делегациясы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін аралап көрді.

Делегация құрамына еліміздің жоғары сот органының алқа төрағалары, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің, сондай-ақ, оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы кірді. Меймандарды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов қарсы алды.