Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Cудьялардың бос орындарына орналасуға жарияланған конкурс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот судьясының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – 1 бос орын;

Астана қаласы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Алматы ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Сарыарқа аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын;

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 3 бос орын;

Алматы қаласы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Алматы қалалық соты – 3 бос орын;

Медеу аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Бостандық ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;

Медеу ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;

Ақмола облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Бурабай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Ерейментау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Зеренді аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;

Степногорск қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Ақмола облыстық соты – 1 бос орын;

Есіл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Көкшетау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Целиноград аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақтөбе облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

Темір аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Ойыл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Хромтау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Алматы облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;

Сарқанд аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Қарасай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Талғар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Атырау облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Атырау қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;

Атырау қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Бородулиха аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Глубокое аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Шемонаиха аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Шығыс Қазақстан облыстық соты – 3 бос орын;

Жарма аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Семей қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Өскемен қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Жамбыл облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Жамбыл облыстық соты – 2 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Тараз қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Тараз қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Шу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

Тасқала аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Батыс Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;

Сырым аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Тасқала аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қарағанды облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Қарағанды облыстық соты – 1 бос орын;

Балқаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;

Нұра аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Шет ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Саран қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Теміртау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қостанай облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Қарасу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Лисаковск қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Қостанай облыстық соты – 1 бос орын;

Рудный қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Қостанай қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Таран аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қызылорда облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Қармақшы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қызылорда қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Маңғыстау облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Ақтау қалалық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Жаңаөзен қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 2 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Ақтау қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодар облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Павлодар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

Екібастұз қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Ақсу қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 3 бос орын;

Баянауыл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Павлодар қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;

Шарбақты аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Аққайың аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Тайынша ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Мағжан Жұмабаев ауданы сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Аққайың аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Петропавл қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Шал ақын аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Мақтаарал ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Созақ аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Түркістан қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Шардара аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 2 бос орын.

Барлығы: Жоғарғы Сот судьясының бос орыны – 1, облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 12, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 34, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 80.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 2-тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 3-тармағында (Жоғарғы Сот судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіліп, өз қолымен оқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.

Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі.

Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.

«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағанын толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін  көрсету қажет;

Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.

3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.

Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;

Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;

4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;

5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат нөмірленген, тігілген және нотариустың мөрімен бекітілген болуы тиіс.

Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;

7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.

Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылық қабілеттері туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.

Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі. Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.

Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі;

8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиісті психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;

9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарға арналған сауалнама (нысан қоса беріледі);

10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.

Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттар соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны және осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет;

Судьялыққа кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырғанын (магистранттар үшін) немесе біліктілік емтиханын тапсырып, тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.

Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.

Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.

Жоғары тұрған судья (Жоғарғы Сот судьясы, облыстық және оған теңестірілген сот судьясы), сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын жұмыс істейтін судьялар жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудың нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы (Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидаттар үшін), тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымына кандидаттар үшін), жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі, жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнама берілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.

Көрсетілген құжаттар 2016 жылғы 27 шілдеге дейін (қоса есептегенде) конкурс өткізілетін орын: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, №1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мекенжайға тапсырылуға тиіс.

Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, оларды тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.

Осы Жоғарғы Сот, жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсындағы (www.sud.gov.kz) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі» бөлімінде орналастырылады.

Анықтама үшін телефондар: (8-7172)74-90-37, 74-90-44, 74-91-76.

 

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесі

 

ТіркемеҚұрылғанАвторКөлем
File САУАЛНАМА02.03.2016 12:16:19odmin12323.8 KB