Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Судьялардың штат саны ұлғаятыны жөнінде хабарлама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғары Сот Кеңесі судьялардың штат саны 450 бірлікке ұлғаятыны жөнінде хабарлайды. Осыған орай бір жыл бойы бос судья лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізіледі. Оған біліктілік талаптарына сай келетін адамдар қатыса алады.

Аудандық соттың судьясы болып: 

  • жиырма бес жасқа толған; 
  • жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар; 
  • медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;
  • біліктілік емтиханын тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бiтiрген адамдардың оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы тағылымдамадан өтуі талап етiлмейдi.

Конкурсқа қатысу тәртібі туралы ақпарат «www.akorda.kz» және «www.sud.kz»  интернет-ресурстарының «Жоғары Сот Кеңесі» бөлімдерінде, «Юридическая газета», «Заң газеті» газеттерінде жарияланады.

Біліктілік емтиханын қабылдауды Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясы жүзеге асырады, оның отырысы жиі өткізіледі.

Біліктілік емтиханын тапсыру үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • өтініш;
  • 4,0 х 6,0 көлемді фотосуретімен бірге кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
  • өмірбаян;
  • еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (әскери  қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оның ішінде бұрынғы қызметкерлері үшін еңбек кітапшасының көшірмесімен бірге – кадр қызметі куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесі), ал құқық қорғау органдарынан қызметтен босатылған жағдайда – құқық қорғау органдарынан және әскери қызметтен босату туралы бұйрықтардың үзіндісі;
  • жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  • бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған, ұйымның мөрімен бекітілген қызметтік мінездеме. Мінездемеге оның берілген күні мен шығыс тіркеу нөмірі қойылады. Негізді себептер бойынша мінездеме ұсыну мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктеме ұсынылады;
  • денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ 086 нысан), сондай-ақ Астана, Алматы қалаларының, облыстардың тиісті психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлері берген анықтамалар;
  • жеке куәліктің көшірмесі.

Біліктілік емтиханын тапсыру үшін құжаттар қолма-қол немесе тапсырыс хатпен Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Д.Қонаев көшесі, 39-үй, Біліктілік комиссиясы (Жоғарғы Сот ғимараты).

Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырғаннан кейін сотта тағылымдамадан өту және соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алу қажет. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бiтiрген адамдардың оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы тағылымдамадан өтуі талап етiлмейдi.

Тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Президенттің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережемен реттелген.

 

ТіркемеҚұрылғанАвторКөлем
File Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 595 Жарлығы04.03.2014 18:30:42odmin12330.96 KB
File Сұрақтардың болжамды тізбесі26.03.2014 14:34:05odmin12316.38 KB