Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру үшін қажетті құжаттардың тәртібі мен тізімі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы, жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар азамат құжаттарды тапсыра алады.

1) өтініш – Біліктілік комиссиясы төрағасының атына беріледі, өз қолымен анық жазылып, өтініш берушінің мекен-жайы мен байланыс телефоны міндетті түрде көрсетіледі және қолы мен күні қойылады;

2) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – өз қолымен анық жазылып толтырылады.

Жоғары оқу орнының атауы дипломдағы жазуға сәйкес көрсетіледі.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер көрсетілген кезде, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарындағы оқу мерзімі, әскери қызмет, қосымша жұмыс қамтылады. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын атап өткен кезде олардың осы тұлғаның еңбек еткен уақытында пайдаланылған атауын пайдалану қажет. Тұлғаның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасындағы жазуларға және басқа да құжаттарға толық сәйкес болуы тиіс.

«Тұрғылықты мекен-жайы және телефоны» атты бағананы толтырған кезде іс жүзіндегі тұрғылықты мекен-жайы мен телефон нөмірлерін көрсету қажет (ұялы, үй және жұмыс);

3) өмірбаян – еркін нысанда, міндетті түрде өміріндегі ең маңызды кезеңдері көрсетіле отырып жазылады;

Өмірбаян күні мен қолы қойылып, өз қолымен (анық, ұқыпты) немесе машина жазбасымен не компьютерлік әдіспен толтырылады.

4) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат бауланып, нөмірленіп, нотариустың мөрімен бекітілуі тиіс.

жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық емес көлемде енгізілетін қызметкерлер үшін (ІІМ, ҰҚК қызметкерлері, қаржы полициясы органдары), оның ішінде бұрын істегендер үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімінің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдарын  көрсете отырып, анықтама ұсыну қажет.

5) құқық қорғау органдарынан жұмыстан босатылған жағдайда, тұлғалар босатылу туралы бұйрықтан үзінді көшірмені ұсынады;

6) жоғары білімі туралы дипломның нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

7) қызметтік мінездеме, онда тұлғаның кәсіби қызметіне, іскерлік және болмыстық қасиеттеріне баға берілуі тиіс. Бұл ретте, міндетті түрде көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

Мінездеме бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрі басылады. Бұдан басқа құжаттың мәтінінде оның берілген күні және шығыс нөмірі қойылады.

Мінездемені дәлелді себептерге байланысты ала алмаған жағдайда, жазбаша түрдегі түсініктемелер беріледі;

8) денсаулық жағдайы туралы белгіленген үлгідегі анықтама (№ 086 нысандағы), оның ішінде облыстар және Астана, Алматы қалаларының тиісті психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлері берген анықтамалар;

9) жеке куәлігінің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өткен құжат көшірмесі ұсынылған жағдайда, материалдар қайтаруға жатады.

2), 3), 4), 7), 8)-тармақтарда көрсетілген құжаттар берілген немесе жасалған күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде жарамды болады.

Аталған құжаттарды тиісті түрде рәсімделмеген жағдайда, олар тапсырған адамдарға кемшіліктерді жою үшін қайтарылатын болады.

 

 

010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 39

«Жоғарғы Сот» ғимараты

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясы

Тел.: 8-7172-74-79-21

ТіркемеҚұрылғанАвторКөлем
Microsoft Office document icon Арыз12.03.2014 11:55:59odmin12328.5 KB