А.Фомин бостандыққа шығады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

19 шілдеде Алматы облыстық соты А.В.Фоминге қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы 2013 жылғы 02 шілдедегі Талдықорған қалалық сотының қаулысына сотталғанның және оның қорғаушыларының келтірген жеке шағымдарына қатысты  материалды қарады. 

Бұрын белгілі болғандай, Талдықорған қалалық соты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырған. Аталған соттың қаулысына сотталушы және оның қорғаушылары апелляциялық тәртіпте шағым келтірген.  

19 шілде күні Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 2013 жылғы 02 шілдедегі Талдықорған қалалық сотының қаулысын бұзып, сотталғанның және оның қорғаушыларының мерзімнен бұрын шартты түрде босату туралы келтірген жеке шағымдарын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарды. Алқа, Фоминнің сот үкімімен тағайындалған жазаның 1 жыл 10 ай 15 күнін өтегендігін ескеріп, оны жазаның қалған бөлігін өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға қаулы етті. Қосымша  мемлекеттік қызметпен, оның ішінде ҚР Қарулы күштер құрылымында қызмет атқару құқығынан 4 жыл мерзімге айыру жазасы 2 жылға қысқартылды  

Фомин Талдықорған гарнизонының әскери сотымен ҚР ҚК-нің 251 бабының 1бөлігі, 314 бабының 2 бөлігі, 37 6абының 1бөлігі  бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру  және   мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан 4 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалғанын еске саламыз. 
Сотталған А.В. Фомин   2012 жылдың 4 маусымынан  Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ЛА 155/16 ҚАЖД мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеген.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі