Алматы облысында VII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін «Конституциялық новеллаларды іске асыру – қылмыстық сот ісін жүргізудің тиімді моделін қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында жетінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Іс-шара а.ж. 1-2 наурызда Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» қонақ үйінде өтуде.

Іс-шараны Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорымен, Еуропалық Кеңестің Венециялық Комиссиясымен, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесімен, Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов, Бас прокурор Қайрат Қожамжаров қатысты. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қолқобаев, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов қатысты.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары, Конституциялық Кеңес мүшелері, жергілікті соттар төрағалары мен судьялары, мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, адвокатура өкілдері, ұлттық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Конференция жұмысы үш сессия шеңберінде өтті. Бірінші сессия шеңберінде Жоғарғы Сот судьясы Ербол Рахымбеков «Сот бақылауы, даму кезеңі: жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау» тақырыбында баяндама жасады. Сотқа дейінгі кезеңдегі  сот бақылауын бірізді дамыту кезеңі қылмыстық-процестік заңнамаға талдау жүргізіп, қадағалауға болатынын  атап өтті.  ҚПК 2015 жылдан бастап тергеу судьясына  ресми мәртебе беріп, сот бақылауын барынша кеңейтті. 2018 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енген ҚПК-нің нормалары сот бақылауын кеңейтудің кезекті кезеңі болып табылады.

«Осы нормалармен терегеу судьясына ҚПК-нің шеңберінде, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау өкілеттіктерін беретін сот бақылауын күшейтетін жаңа ереже енгізілді» - дедң Е. Рахымбеков.  Сонымен қатар адамдардың осы әрекеттерді жүргізуді  заңсыз деп тану және келтірілген залалды (ондай болған жағдайда) қалпына келтіру туралы сотқа өтініш беру мүмкіндігі ерекше жаңалық болып табылатындығын атап өтті.

Бірінші сессия шеңберінде спикерлер кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту, болашақта Қазақстан Республикасында қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру, еліміздің сот процесі мен сот жүйесін экономикалық өсім жағдайы ретінде  жаңғырту, қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнама  және оны реформалаудың кейбір мәселелері және конституциялық құқықтарды қорғау туралы  айтты.

Екінші сессияның модераторы болып Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин сөз сөйледі. Осы мәселенің өзектілігі туралы айта келе, соңғы 10-15 жылда сот құрылысы мен сот ісін жүргізуде елеулі өзгерістер болғанын, бірақ бұдан әрі құқық қорғау органдарына да реформалау қажет екенін атап өтті.

А.Рахметулин өзгеру керектігін және бұрынғы тәсілдерден  алшақтау керектігін айтты. «Біз қандай да бір органның жұмысын пайыздық көрсеткіштер негізінде бағалаудан аулақ болуымыз қажет. Мазмұнды бөлігіне ерекше назар аударған жөн. Әрбір көрсеткіш бойынша терең талдау жүргізілуі тиіс»- деді ол.   

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы бірқатар мемлекеттерде  сотқа іс материалдары емес, айыптау актісі ұсынылады. Айыптау және қорғау тараптары дәлелдемелерді сотқа істі мәні  қарау кезінде ұсынады.  Бұл қосымша зерделеуді талап ететін бағыт. Мүмікн бізде онша ауыр емес, ауырлығы орташа істер бойынша осы нысанға кезең-кезеңмен көшу керек шығар» -деді А. Рахметулин.

Осы сесия шеңберінде мүдделі құрылымдар өкілдері қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің қазіргі заманғы үрдістері, сотқа дейінгі іс жүргізуде қылмыстық  қудалау  ұйымдарының жаңа тәсілдері, адвокаттың құқықтық мүмкіндіктері мен жеке өмірінің қол сұғылмаушылығы қағидатының заңды кепілдері туралы, сонымен қатар республиканың қылмыстық сот ісін жүргізуде Конституцияның нормаларын іске асырудың негізгі проблемалары  туралы айтты.

Шетелдік қатысушылар сөз сөйледі. Атап айтқанда, Франкфурта-на Майне қаласының Бас прокуратурасының отставкадағы бас жетекші прокуроры  Петр Бертельсмайер Герамния  прокуратурасының қылмыстық қудалауды  жүзеге асыруы туралы айтып берді. Мюнхен қаласының Жоғарғы жер сотының судьясы Ингрид Хауссмани сотқа дейінгі іс жүргізуде  герман сотының өкілеттіктері туралы хабардар етті.

Үшінші сессия шеңберінде мына тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:  «Германияның қылмыстық процесіндегі прокуратураның рөлі», «Қазақстан прокуратурасының жүргізілген констиуциялық реформа аясында қылмыстық процестегі рөлі», «Адвокат пен прокурор – қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту аясында  статустарды өзгерту», «Германиядағы сот ісін жүргізуді оңайлату», «Қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнаманың өзекті мәселелері».

Конференция барысында сындарлы сұхбат және бағдарламада белгіленген барлық мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі