Атырау Билер кеңесі үш ай жұмыс ішінде азамттардың 16 дауын шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2018 жылдың аяғында «Татуластыру: сотқа дейінгі, сотта» жобасын іске асыру мақсатында әділет органдарында «Атырау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігі тіркелді. Билер кеңесінің құрамына өңірдің танымал қоғамдық қайраткерлері, зияткерлер өкілдері және отставкадағы судьялар кірді. Кеңесті Ғаббас Хисметуллин басқарды, Кеңестің мүшелері Қатимолла Ризуанов, Кеңес Қосыбаев, Абат Кенжеғалиев және Раиса Аққулова болды.

Өңір тұрғындары арасындағы әлеуметтік, діни және өзге де жанжалдарды шешу кезінде практикалық көмек көрсету Кеңестің негізгі функциялары болып айқындалды.

Бірлестік 60 мүшеден тұрады, оның 14 қалада жұмыс істейді, қалғаны жұмыс тобы ретінде аудан орталықтарында әрекет етеді. Өткен үш ай ішінде кеңестер 16 дауды, атап айтқанда көшіріп жіберу, берешекті өндіру және т.б. қарады және шешті.

Билер кеңесі БАҚ арқылы азаматтар арасындағы жанжалдарды шешуге дайын екендігін білдірді. 

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі