Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов облыс әкімінің Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұрғындарымен кездесуіне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің  Тайпақ ауылының тұрғындарымен, ауылдық округтердің еңбек ардагерлерімен, ұйымдардың, қожа шаруашылықтарының жетекшілерімен және кәсіпкерлермен «дөңгелек үстел» басындағы кездесуіне қатысты. Кездесуде сонымен бірге, ҚР индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов, БҚО Төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы Жаслан Жумашев және облыстық маслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар болды.

Кездесу барысында облыстық сотының төрағасы Б.Әметов республика судьяларының VII съезінде Елбасының судьялар корпусының алдына қойған міндеттерін және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған сот реформасы туралы айтты. Б.Әметов өз сөзінде қызмет атқарып жүрген судьялардың және доғарыстағы судьялардың этикалық мінез-құлық ережелерін белгілейтін, республика судьяларының жаңа әдеп Кодексі съезде бірауыздан қабылданғанын хабарлады.

Сонымен бірге, облыстық соттың төрағасы шараға қатысушыларды Қазақастан Республикасының Тəуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.  Ол Тәуелсіздік мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып табылатындығын, өйткені, Тәуелсіздіктің нығаюы бұл барлық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі мағыналық өзегі екендігін атады.

«Дөңгелек үстел» барысында облыс әкімі және қатысушылар батыс өңіріне қатысты маңызды мәселелердің шешу жолдарын талқылап, ақсақалдар мен ауылдық окрутердің белсенділерінің пікірлерін тыңдады.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі