Білімсіз студентке 100 мың доллар қарызын өтеу міндеттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатына бірнеше жыл шетелде оқыған қостанайлық Анна білім дәрежесі төмен болғандықтан  стипендиясынан қағылып, өзіне шығындалған  жалпы 15 миллион  теңгені  қайтаруға міндеттелді. 

Қостанай облысы, Рудный қалалық сотында қаралған азаматтық істің мән-жайына зер салсақ, 2006 жылы Анна «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасы аясында Канада елінде оқу мүмкіндігіне ие болады. Осы негізде «Халықаралық бағдарламалар Орталығы» АҚ-мен келісім шарт жасасып, мұхит асып, білім алуға аттанады. Келісім шарт талаптарына сай аталған орталық студенттің оқу барысындағы барлық шығынын  (жатар орнын, денсаулығын сақтандыру, оқу ақысы, жол шығыны)  өз мойынына алады, ал студент тек  білім дәрежесін жоғарғы деңгейде көрсету керек.

Алайда, Анна межеленген шартты орындамай, 2009 жылы үлгерімі нашар болғандықтан шетелдегі маман дайындау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен оқу стипендиясынан айырылды.  

Екі жақты шартқа сай, студент білімге дұрыс ден қоймаған жағдайда өзіне шығындалған ақшаны қайтаруға міндетті.Осыған орай ҚР АІЖ кодексінің 217-221 баптары бойынша сәйкес, сот «Халықаралық бағдарламалар Орталағы» АҚ-ның шағымын қанағаттандырып, білім кеніне немқұрайлы қараған Аннаға  14 805 488 теңге қарызын өтеуге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қостанай қалалық сотының баспасөз қызметі