Дау тараптары жанжалды шешудің тиімді тәсілдерін таңдауда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының соттары ағымдағы жыл басынан бері татуласу рәсімдерін қолдану арқылы 170 азаматтық істі тоқтатты. Жүздесіп сөйлесу мен ымыраға келу дауласушылардың өзара тиімді шешім қабылдауына көмектесті. Өңір соттарында келіссөз жасау нәтижесінде 25 татуласу келісімдері, 144 – медиативтік және 1 дауды партисипативтік рәсім тәртібімен  реттеу туралы келісім жасалды.

Мысалы, Тасқала аудандық сотында жайылымға жіберілген 4 жылқының жоғалып кетуі салдарынан келтірілген 1 400 000 теңге материалдық залалды өндіріп алу жөніндегі дау реттелді. Әңгімелесу барысында тараптар медиативтік келісім жасау туралы келісті, сол бойынша жауапкер малдарды қайтарып беруге міндеттенді, ал талапкер қойған талаптарынан бас тартты.

Осы тақылетті дау Қазталов ауданының № 2 сотында да ретке келтірілді. Жауапкердің кінәсі бойынша талапкердің 10 қой мен 7 бас ірі қарадан айырылып қалғаны анықталды. Талапкер 1 700 000 теңге залалдың жауапкерден қайтарып алынуын талап етті. Сот отырысында тараптар өзара тиімді шешім қабылдай отырып келісімге келді.

Нақ сол сотта, жауапкердің қорлауы және интернетте бейнежазбаны таратып жіберуі салдарынан келтірілген  моральдық зиян үшін миллион тенге өндіріп алу туралы іс бойынша да келісім жасалды. Сот тараптар қол қойған медиативтік келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сонымен бірге, көптеген азаматтық істер № 2 Орал сотының қарауында жатыр. Күн сайын оған талап қою арыздарының айтарлықтай көлемі келіп түсіп жатады. Мәселен, ағымдағы жылғы 3 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі мерзімді қоса алғанда алименттерді, ақша займдарын өндіріп алу туралы, некені бұзу, мүлікті бөлу, залалды өтеу, шарттық міндеттемелер мен еңбек даулары бойынша судья-татуластырушыларға  192 арыз түсті. Жанжалға қатысушылардың келіссөзге келуі, проблемалар мен келіспеушіліктерді түсіне білуі тараптардың дауды шешудің тиімді жолын таңдап алуына көздерін жеткізді. Нәтижесінде судьялар 17 татуласу келісімін, 80 – медиативтік келісімді бекітті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі