Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – Шығыс халықтарының көнеден келе жатқан мейрамы. Табиғат пен тіршілік жаңаратын бұл мейрам біздің елімізде Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес бұл мереке мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Осы уақыттан бастап Наурыз біздің қоғамда береке мен бірлік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына өз септігін тигізуде.        

Бүгінде Наурыз мейрамы ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан барлық қазақстандықтар үшін қастерлі, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамға айналып отыр. Бұл – жалпыадамзаттық құндылықтар жаңғырып, достық пен өзара түсіністік, үйлесім мен тазалық нығаятын мереке. Бұл күні араздасқан адамдар бір-бірін кешіріп, мерекелік дастархан жайылып, айнала қуаныш пен шаттыққа бөленеді.

Сот жүйесін жаңғырту шеңберінде тараптарды бітімге шақыратын «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы іске асырылуда. Өңірлерде татуласу орталықтары мен Билер кеңесі құрылып, азаматтарға құқықтық көмек көрсетілуде. Осы жобалар халқымызға тән рухани құндылықтарды насихаттауға және қоғамдық келісімді сақтауға бағытталуда.  

Құрметті оқырмандар, баршаңызды осынау тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін! Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа жақсылығын, құт-берекесі мен молшылығын ала келсін!

 

Жоғарғы Сот Төрағасы                                                    Жақып Асанов