Қызылорда облысы Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы әкімшілік заңнамаларды қолдану жөнінде полиция қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотының бастамасымен аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын рәсімдеуде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері»  тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Шараға Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшы құрамының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі қағидаларын мүлтіксіз сақтау болып табылады.

Аудандық соттың судьясы Д.Мұратбекұлы шараны ашып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің заңда көзделген мерзімде әрі сапалы және дұрыс қаралуы толтырылған хаттаманың сапасына тікелей байланысты екенін, алайда кейбір әкімшілік істер бойынша хаттамалардың дұрыс толтырылмайтыны, істердің дұрыс ресімделмейтін фактілері кездесіп жататыны, осыған орай хаттамаларды және істің басқа да материалдарын әзірлеудің негізгі тұстарын талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізіліп отырғанын айтып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама талаптарына байланысты баяндама жасады.

Бұдан кейін семинар-кеңеске қатысушылармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру сапасын көтеру, құқық бұзушылық дәлелдемелерінің толықтығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланып,  қатысушылар тарапынан жан-жақты ұсыныс-пікірлер айтылды.

Семинар соңында судья Д.Мұратбекұлымен ескі кодексте дұрыс толтырылмаған құжаттарды қайта рәсімделуі үшін қайтару тәртібі көзделген болса, қолданыстағы әкімшілік кодексте ондай заң нормасы белгіленбегенін, сол себепті әкімшілік істердің заңға сәйкес ресімделуіне және сотқа уақытылы жолдануына аса назар аудару керектігі баса айтылды.

Семинар-кеңеске қатысушылар осы шараның өзектілігін, сондай-ақ осы кездесу әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңын қолдануда туындайтын көптеген мәселелерді шешуге оң ықпал бергенін атап өтті.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі