Солтүстік Қазақстан облыстық сотында азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» облыстық прокуратура, әділет департаментінің өкілдері және жеке сот орындаушылары қатысты.

Іс-шара барысында сот актілерінің орындалуы сот ісін жүргізуімен қатар азаматтық-құқықтық қатынастардағы құқық нормаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттің басты құралдарының бірі болып табылатыны туралы айтылды. Заңды және негізді сот шешімін жариялау жеткіліксіз. Азамат пен заңды тұлға үшін оның орындалғаны маңызды. Азаматтардың және жалпы қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейі сот актілерінің жылдам, толық және сапалы орындалуына байланысты.

Облыстық прокуратураның прокуроры Рауан Альмишев сот орындаушыларының қызметін прокурорлық қадағалау және прокурорлық ден қою шараларының нәтижесі туралы сөз қозғады.

Жеке сот орындаушысы Нариман Назаров пен әділет департаментінің өкілі Ақлима Бекенова сот актілерін орындаудың проблемалық мәселелері туралы айтып берді.

Сонымен қатар «дөңгелек үстелге» қатысушылар атқарушылық іс-әрекеттердің жекелеген түрлерін реттейтін заңнаманы қолданудың тәртібін, түрлі санаттағы атқарушылық іс жүргізу бойынша пайда болатын мәселелерді және оларды шешу мүмкіндіктерін, өзара ынтымақтастық жолдарын талқылады.

Қатысушылар алдағы жұмыстың сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында өткізілген «дөңгелек үстелдің» нәтижесі бойынша ұсыныстар қабылдады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі