Солтүстік Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда соттың рөлі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғау. Тиімділігі. Проблемалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына судьялар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медиаторлар, адвокаттар, сот орындаушылары, Кәсіпкерлер палатасының, прокуратураның, әділет өкілдері, сонымен бірге кәсіпкерлері қатысты.

Іс-шараның өзектілігі кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда заңның және сот төрелігінің маңызы мен рөліне байланысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Жанар Кенжебаева атап өткендей, сот жүйесін жаңғырту саласында да, ақпараттық-техникалық жарақтандыру саласында да барлық бұрын-соңды болмаған ауқымды жаңалықтар еліміздегі сот төрелігін іске асыруды әлемдік стандарттарға сәйкес жаңа сапалық деңгейге көтеруге арналған. Бұл сот төрелігіне қолжетімділік және процестік нормаларды мүлтіксіз сақтау принципін практикалық қамтамасыз ету жағдайында сот істерінің барлық санаттары бойынша жылдам әрі сапалы сот төрелігін іске асыру жолымен азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін барынша заңмен қорғауды қамтамасыз етуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Іс-шара барысында жаңа Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы рөлі түсіндірілді. Оны қабылдау қажеттілігі шетел мемлекеттерінің қатысушылары үшін тауарлар мен қызметтер нарығы ашық бола бастаған кезде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, болып жатқан интеграциялық процестерге байланысты.      

Сонымен қатар, «дөңгелек үстелге» қатысушылар мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының рөлін талқылады. Сот құрылған кезден бастап қалыптасу жолынан өтті, кәсіпкерлердің қатысуымен азаматтық істерді қараудың тұрақты практикасын қалыптастырды, сот төрелігін іске асырудың тұрақты сапасын және оның жеделдігін қамтамасыз етті. Жаңартылған заңнама мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу, кәсіпкерлердің дауларын шешудегі медиацияның рөлі, кәсіпкерлердің құқықтарын адвокат қорғауының кәсіби деңгейі егжей-тегжейлі талқыланды.

Нәтижесінде «дөңгелек үстелге» қатысушылар өңірдегі соттар, жалпы сот жүйесі кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда жоғары нәтижелілігін көрсетіп отыр деген ортақ ойға келді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі