Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жас судьяларды оқыту семинары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Тәлімгерлер кеңесі еңбек өтілі 2 жылға дейінгі мерзімді құрайтын жас мамандар үшін семинар сабақтарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру.

Оқыту семинары шеңберінде жас мамандардың судьялар әдебін сақтауы, сот жүйесі органдарында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарының алдын алу, жас мамандардың әкімшілік істерді қарау тәжірибесі, 2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша сот төрелігін іске асыру сапасы бойынша мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, 2015 жылы жаңа тағайындалған судьялар шығарған сот актілерін рецензиялау қорытындылары талқыланды.

Қатысушыларға жас маман төрағалық еткен басты сот талқылауының бейнежазбасы көрсетілді. Оны қарау қорытындысы бойынша облыстық соттың судьялары судьяның сот процесін жүргізуде процестік заңды сақтауын бағалады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Тәлімгерлер кеңесі жас мамандарға судьялар әдебін сақтауды, сауатты, дұрыс, дәлелденген сот актілерін әзірлеуді, сот процесін дұрыс ұйымдастыруды ұсынды. Заң бұзушылық пен сот қателіктері фактілеріне жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңнамаларды зерделеу, өз бетінше оқу, өзін-өзі жетілдіруге назар аудару қажеттігі айтылды.

Жас судьяларға тәлімгерлік ету мәселесі Солтүстік Қазақстан облыстық соты басшылығының тұрақты бақылауында тұрғандығын атап өткен жөн.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі