Солтүстік Қазақстан облысында дау медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық соты заем келісім-шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

2014 жылы қарашада талап қоюшы мен жауапкер арасында 2014 жылдың 29 желтоқсанына дейін қарызды қайтару міндеттемесімен 17 725 000 теңге сомасына заем келісім-шарты жасалған. Алайда қазіргі күнге дейін қарыз қайтарылмаған. 

Сот талқылауы барысында талап қоюшы мен жауапкер сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынған. Келісім шарты бойынша жауапкер талап қоюшыға келесі тәртіпте 17 725 000 теңге көлемінде заем сомасын төлеуге міндеттеледі: 7 000 000 теңгені 2016 жылдың 25 желтоқсан мерзіміне дейін, 5 000 000 теңгені 2017 жылдың 25 мамыр мерзіміне дейін, және 5 725 000 теңгені 2017 жылдың 1 қазан мерзіміне дейін.

Талап қоюшыға бюджеттен 177 250 теңге көлемінде өзі төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді және іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі