Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік автоинспектор сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық соты полицияның аға лейтенанты К.Байқадамовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Мемлекеттік автоинспектор лауазымын атқарып жүрген К.Байқадамов екі азаматтың орнына жүргізу куәлігін алу жөніндегі теориялық және практикалық емтихан тапсырған. Кейін оларға «В» санаттағы көлік құралын басқару құқығына куәліктерді заңсыз берген.

Алғашында  К.Байқадамовқа қатысты қылмыстық істің айыптау актісі қылмыстық құқық бұзушылықтың екі құрамы бойынша, яғни ҚР ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігі (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 369-бабының екінші бөлігі бойынша (қызметтiк жалғандық жасау) келіп түскен. Алайда басты сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының әрекеттерінде қылмыстың объективті жағының белгілері жоқ деп санап, ҚР ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігі бойынша сотталушыға қатысты айыптаудан бас тартқан.

Қызылжар аудандық соты К.Байқадамовты ҚР ҚК-нің 369-бабының             2-бөлігіне сәйкес қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол жеке мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды. К.Байқадамовқа 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі