Солтүстік Қазақстан облысында соттардың төрағалары таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысында облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттарының қайта тағайындалған төрағаларын таныстыру болып өтті. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Аққайың аудандық сотының төрағасы болып Нұралин Нұрлан Қайырбекұлы, М.Жұмабаев аудандық сотының төрағасы болып Әріпхан Нартай Әскербекұлы, Тайынша ауданының №3 аудандық сотының төрағасы болып Смағұлов Таңат Орынбайұлы тағайындалды.

Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Бахыт Қасейінов соттардың төрағаларын таныстыра отырып, оларға борыштарын адал атқаруға және азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау үшін сот төрелігін әділ іске асыруды, табысты жұмыс тіледі.

Одан әрі аудан белсенділерінің қатысуымен төрағаларды соттардың ұжымдарында таныстыру болып өтті.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі