Солтүстік Қазақстан облысында такси-жүргізуші қызды өлтіруші сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат М.Аннагельдыевке қатысты үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, М.Аннагельдыев ағымдағы жылдың наурыз айында түнгі уақытта Петропавл қаласы дәмханаларының бірінде алкогольдік мас күйінде болды. Ол пневматикалық қаруды қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзды және азамат В.Волковқа қатысты бұзақылық әрекеттер жасады.

Таңға жақын М.Аннагельдыев такси жүргізушісі В.-ның ақшалай қаражатын иемдену үшін оның автокөлігіне отырып, Петропавл қаласының сыртына шығады. «Петропавловск-Долматово» бағытындағы автожолда жолақысын төлеуден бас тартып, жәбірленушіге пневматикалық қарумен шабуыл жасап, оның мүлкін иемденген. Өзінің құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырып, М.Аннагельдыев В.-ны есінен тандырып, осы жағдайды пайдаланып, зорламақ болған. Кейін сексуалдық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Одан соң қылмысын жасыру үшін    В.-ны өлтірген. М.Аннагельдыев қылмыс орнынан жәбірленушінің автокөлігімен қашып кеткен.

Сот М.Аннагельдыевті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 10-тармағында (адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағында (бұзақылық), 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағында (қарақшылық), 24-бабының 3-бөлігінде, 120-бабының 1-бөлігінде (зорлауға оқталу), 121-бабының 1-бөлігінде (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері), 200-бабының 1-бөлігінде (автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Қылмыстың жиынтығы бойынша оған барлық мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеумен 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі