Сот талқылауына дайындалу сатысында тараптардың татуласуы арқылы дауларды шешу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының барлық соттарында «Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасын іске асыру шеңберінде татуласу кабинеттері белсенді жұмыс істеп келеді. Қажетті ақпараттық материалмен және жайлы жиһазбен жарақтандырылған бұл кабинеттерде әртүрлі татуластыру рәсімдері, соның ішінде заңды тұлғалар арасындағы күрделі экономикалық дауларды шешу кезінде де, тиімді қолданылып келеді.

Судьялар істі қарауға дайындау барысында және сот талқылауының өзінде де татуласу рәсімдерінің артықшылықтарын, соның ішінде төленген мемлекеттік бажды қайтарып алу мүмкіндігін тараптарға егжей-тегжейлі түсіндіреді. Қыруар күш-жігерді қажет ететін бұл жұмыс ұнамды нәтижелерін беруде. Мәселен, өткен жылы өңірдің мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соттары медиацияның көмегімен 168 дауды реттеді, жауапкерлерге төленген 43 396 052 теңге мембаж қайтарылды.

 

 

Жамбыл облысының Қордай аудандық сотына аудан тұрғыны бұрынғы зайыбына бірлесе жиналған мүлікті бөлісу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Тараптар бірлескен некеде болған уақытта жер телімі бар 5 000 000 теңге тұратын тұрғын үйді сатып алған. Даулы үй жауапкер әйелдің атына ресімделген, мұнда ол 2018 жылы неке бұзылғаннан кейін де кәмелетке толмаған ұлымен тұрып қала берген. Күні бүгінге дейін, тараптар арасында ортақ үйді ерікті түрде бөлісу туралы келісімге қол жеткізілмеген.

Азаматтық істі жүргізуге қабылдап алған судья-татуластырушы келіспеушіліктерді реттеу рәсімін күні бұрын ойластырып қойған. Кездесу кезінде тараптар  медиацияны талқылау және жоспарлау сатысынан өткен, жанжалға қатысушылардың әрқайсының қатынастары реттеліп жолға қойылған. Нәтижесінде, істі сот талқылауына дайындау барысының өзінде-ақ тараптар сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасқан.

Жауапкер талап қоюшыға жылжымайтын мүлікті жөндегені, оның талаптарынан, сондай-ақ дауланып отырған жылжымалы мүлікке кез келген құқықтар мен дәмеленуден бас тартқаны үшін шеккен шығыны 200 000 теңгенің орнын толтырды.

Тараптар жанжалдың  осылай бітуіне риза болды және  сот төрешілдігінсіз әрі одан кейін де болуы ықтимал материалдық шығынсыз өткен бейресми жағдайдың өзара тиімді шешім қабылдауға ықпал еткенін атап өтті.

Бұл орайда талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж оған қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Ақтөбе облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір ЖШС екінші ЖШС-тан 29 685 406 теңге берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.

Материалдардан мыналарды байқауға болады, талап қоюшы жұмысшы кадрларды,  инженер-техникалық қызметкерлерді курстар және мамандықтар бойынша даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және аттестациядан өткізуге, ал жауапкер көрсетілетін қызметтерге төлем жасауға міндеттенген. Дау жауапкердің шарт талаптарын орындамауына байланысты туындаған.

Сот отырысының барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатты мәлім етті, оның шарттары бойынша жауапкер берешектің барлық сомасын ағымдағы жылғы маусым айына дейін төлеп шығуға міндеттенді, ал талап қоюшы қойған талаптарынан бас тартты.

Сот медиативтік келісімді бектітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген  890 563 теңге мембаж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

        

Бүкіл әлемде жанжалды сотқа жүгінбей шешуге талпыну дауларды реттеудің неғұрлым өркениетті тәсілі болып саналады.

Алматы облысының  соттары дауларды сотқа дейінгі реттеуді дамыту мақсатында бірқатар пилоттық жобаларды, соның ішінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыруда. Олардың артықшылығы сол, сот шығындарының болмауынан бастап дауласушылар арасында ортақ пәтуаға ең қысқа мерзімде қол жеткізілгенге дейінгі тиімділігін көрсетіп келеді.

Талап қою арызын сотқа түскен күннен бастап бес күн ішінде судья-татуластырушының қарау тәртібін қарастыратын жобаны іске асырудың қарапайым алгоритмі қолданылады. Татуластыру рәсімдерінің сындарлы тетіктерін пайдалана отырып, судья даудың орын алу себебін анықтауға және татуласуға келуіне көмектеседі.

Мәселен, Ескелді аудандық сотының судья-татуластырушысы  Марат Жүкеновтің сот медиациясы рәсімін тиімді жүргізуінің нәтижесінде  11 миллион  теңгені өндіріп алу туралы көпжылға созылған  дау сотқа дейінгі тәртіппен шешімін тапқан. Әйел сотқа жүгінуге мәжбүр болған, өйткені оның туған жиені осындай ірі соманы одан қарызға алып, ұзақ уақыт бойы қайтармаған. Талап қоюшының айтуы бойынша, ол сот шырғалаңы ұзаққа созылады деп күткен. Алайда даудың соншалықты тез әрі тиімді шешілгеніне сүйінішпен таң қалған. Бұл ретте тараптардың туысқандық қатынастарының мән-жайлары жақсы ықпал жасап, ақыр соңында жақын туыстықтары сақталып қалған, сөйтіп әйелдер арасындағы келісім қалпына келген.

 

 

Судьялар мынаған айқын сенімді: даудың мәнін түсіну үшін, бірінші кезекте, тараптар арасындағы даудың неден пайда болғанын, жалпы тараптардың уәждері мен мүдделері қандай екенін анықтап алуы керек.

Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының  89-жасар ардагері өзінің немересіне қатты ренжіп қалған, өйткені немересі өз анасы қайтыс болғаннан кейін мұраны ие болып алған соң, оның бар екені туралы ұмытып кеткен. Атасы немересіне пәтер құнының сомасын өндіріп алу туралы талап қойған.

Бірінші сатыдағы сот әмбебап мирасқорлыққа сілтеме жасай отырып,  талап қоюшының талабын орындаудан бас тартқан. Алайда талап қоюшы мәні бойынша заңды шешімді әділетсіз деп есептеп,  апелляциялық сатыға шағым түсірген. Облыстық соттың судья-татуластырушысы  Ағайша Нұрлымбаева істі талқылауға дайындау сатысында дауласушы тараптарға екі жақты да риза қылатын татуласу және келісімге келу рәсімдерінің артықшылықтарын түсіндірген. Судья талап қоюшыға шын мәнінде қамқорлық, күтім және немересімен жүздесіп тұру қажет болғанын айқындаған. Судьямен кездесу кезінде немересі атасына тұрақты түрде қамқорлық пен күтім жасауға, талап қоюшының қартайған жасын есепке ала отырып үйді күтіп ұстауға, тұрмыстық және шаруашылық істерді де өз мойнына алуға шешім қабылдаған.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі