ТМД –да дауларды баламалы түрде шешу тәсілі туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

21 маусымда Минск қаласында халықаралық деңгейде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында дауларды баламалы түрде шешу тәсілі: ұлттық әдістен халықаралық әдіске» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Шараны ТМД-ның Экономикалық соты, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Кеңесі Хатшылығының Ассамблеясы, «Халықаралық заңгерлер одағы» халықаралық заңгерлер қоғамдық бірлестігінің халықаралық одағы, Беларусь Республикасының Жоғарғы Шаруашылық Соты, «Беларусь Республикасының заңгерлер одағы» қоғамдық бірлестіктігі, Беларусь мемлекеттік университеті және «МИТСО» халықаралық университеттерінің өкілдері ұйымдастырды.

ТМД-ғы Атқару комитетінде өткен конференцияның жұмысына 80 аса делегат қатысты. Олардың арасында - ТМД-ның қатысушы-мемлекеттері жоғары сот органдарының, ЕурАзЭК Сотының, Беларусь Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық төрелік сотының, Қырым Автономиялы Республикасы  Шаруашылық сотының, Севастополь апелляциялық-шаруашылық сотының, Зияткерлік құқықтар жөніндегі соттың (Мәскеу қ.), Беларусь Республикасының Ұлттық заңнама және құқықтық зерттеулер орталығының, Беларусь Республикасының Ұлттық құқықтық ақпарат орталығының, Қазақстан Республикасы Заңнама институтының, Ресей ғылым академиясы мемлекет және құқық институтының, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың заң факультетінің, Янка Купала атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің өкілдері бар.

Конференция барысында оның қатысушылары дауларды шешудің соттан тыс ұлттық және халықаралық рәсімдері ерекшеліктерін, сондай-ақ  ТМД-ның Экономикалық Соты мен ТМД-ның Экономикалық Соты жанындағы Дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық қызметінде оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктерін зерделеп білді.

«ТМД кеңістігінде экономикалық интеграция процестері белсенді дамып, ТМД-ның  еркін сауда аумағы қалыптасып келеді: 2011 жылғы 18 қазанда Еркін сауда аумағы туралы шартқа қол қойылды. Алайда  болуы ықтимал дауларды шешудің ықпалды тетігін  қалыптастырмайынша толыққанды еркін сауда аумағын құрып, жұмыс істету тиімді болмақ емес»,- деп атап өтті конференцияны аша отырып ТМД Экономикалық Сотының Төрағасы Л.Каменкова. 

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аумағы туралы шарт жөніндегі міндеттемелерді орындау барысында туындауы мүмкін болатын дауларды шешуге уәкілетті орган ретінде ТМД-ның Экономикалық Соты оның қатысушылары арасындағы келіспеушіліктерді жоюға, шарттық міндеттемелерді тиімділікпен орындауға, Дүниежүзілік сауда Ұйымының нормалары негізінде экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдете түсуге ықпал етуге тиіс. ТМД кеңістігінде еркін сауда аумағының жұмыс істеуі барысында Экономикалық Соттың басты рөлі мен мақсаты да нақ осында деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта дауларды шешудің баламалы әдістері - сотқа дейінгі, соттан тыс  бітімгершілік рәсімдерін пайдалану барған сайын танымал болып келеді, олар дау-жанжалды жай ғана шешіп қоюға емес, сонымен бірге оның тараптары арасындағы байланыс пен іскерлік қарым-қатынастарды сақтап қалуға да мүмкіндік береді. ТМД-ның Экономикалық Соты дауларды шешудің баламалы әдістерін қолданудан тысқары қалып отырған жоқ. Сот ісін жүргізу рәсімі аясында Экономикалық Соттың бұған дау тараптары келіскен жағдайда бітімгершілік рәсімдерін қолдану мүмкіндігі бар. Біздің практикада да дау тараптары үшін қосымша келісу рәсімдерін қолдану мүмкіндіктерін  беру жағдайлары орын алып келді, мұның өзі орын алған келіспеушіліктерді тараптардың өз бетімен шешуіне мүмкіндік берді.

Конференцияда сондай-ақ ТМД-ның Экономикалық Соты жанында Дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ДРХО) жұмыс істеп келе жатқанына қазірдің өзінде  5 жыл толып отырғаны  атап өтілді. Қазіргі уақытта аталған Орталық ТМД-ның қатысушы-елдерінен кәсіптік дееңгейлері жоғары заңгерлердің басын  біріктіріп, өздерінің функцияларын жүзеге асыру жолында елеулі әлеуетке ие болып отыр. ДРХО-ның әзірше мұндай істерді қарау практикасы жоқ, өйткені  оларға осы тұрғыдан ешкім бүгінге дейін өтініш айтқан емес, осыған орай конференция аясында ДРХО-ның жұмысын жандандырып, жетілдіру, оған дауласушы тараптардың жүгінуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі мәселелер талқыға салынды.

«Жанжалды жағдайларды өркениеттілік тұрғысынан реттеуге әртүрлі көзқарастардың тиімділігі әрдайым айтыс-талқылауларды  мұқият әрі кәсіпқойлықпен зерделеудің  нысаны болып келді. Мұның өзі таяуда ғана Достастық аясында  өте елеулі құжат -   Еркін сауда аумағы туралы шарттың қабылдануына байланысты ТМД үшін өте маңызды, ал бұл өз кезегінде  ТМД  кеңістігінде барлық экономикалық  процестерді, дауларды шешудің тиімді әдістерін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан бүгін мәлім етілген мәселелердің дер уақытында талқыланып отырғаны еш күмән тудырмайды»,- деп Владимир Гаркун ТМД-ның Атқарушы комитеті атынан қатысушыларды құттықтаған кезде атап өтті.

Конференцияның жұмысы үш бағыт бойынша жүргізілді, оның бірі – Сауда дауларын шешудің өзекті мәселелері.

Қазақстаннан ТМД-ның Экономикалық Сотындағы судьясы, ТМД-ның Экономикалық Соты Пленумының Хатшысы Сәбит Жолдыбаев конференцияның жалпы отырысында 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аумағы туралы шарттың қабылданған міндеттемелердің орындалуына байланысты дауларды шешу тетігін реттейтін нормаларына және ТМД-ның Экономикалық Сотының Шартта көзделген дауларды шешу рәсімдерін пайдалану кезіндегі өкілеттіктеріне тоқталды. Мәселен, ол: «2011 жылғы 18 қазандағы Шарт Тараптарының артықшылықтары көбінесе ТМД-ның Экономикалық Сотында, сарапшылар комиссиясында не ДСО шеңберінде дауларды шешу рәсімі дау туындаған жағдайда олардың арасындағы келіспеушіліктерді өзара қолдануға болатын тәсілдермен жоюына қаншалықты мүмкіндік беретініне байланысты болады. Бұл ретте дәлелдеу жүктемесін бөлудің, Тараптардың шешімді (баяндаманы)  дайындауға қатысу деңгейінің, талқылау мерзімдерінің және басқаларының маңызы болуы мүмкін»,- деп атап өтті.

«2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аумағы туралы шарт Тараптар арасында туындауы мүмкін дауларды шешу тәртібін бекіте түсті. Сонымен бір мезгілде осы халықаралық Шарт нормаларын түсіндіру қол жеткізілген уағдаластықтарға жетудің аса маңызды тетігі болып табылады. Нақ осы түсіндіру арқылы оның нормалары нақты толыға түседі, ТМД-да тауарлардың еркін қозғалуы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатын іске асыруға қызмет ететін болады»,- деді Белорус мемлекеттік университеті заң факультетінің қаржы құқығы және шаруашылық қызметін құқықтық реттеу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Снежана Лещенко.

Іс-шаралар барысында құқық және экономика саласындағы көрнекті ғалымдардың, сот органдары, халықаралық төрелік сот органдары, заңгерлердің халықаралық қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің және басқаларының   талқыланып отырған мәселелер бойынша  ұстанымдары мен көзқарастары талқыға ұсынылды. Конференция барысында қатысушылар тарапынан айтылған ұстанымдар мен ой-пікірлер негізінде Қорытынды құжат дайындалып, қабылданды, оны ТМД-ның қатысушы-елдеріне, Достастық органдары мен институттарына жіберу көзделіп отыр. Жұмыстың аяқталуы кезінде ТМД Экономикалық Сотының Төрағасы Л.Каменкова  ТМД Экономикалық Сотының атынан іс-шараға белсене қатысқаны, қызықты баяндамалар мен сөздері үшін барлығына алғыс сезімін білдірді, сондай-ақ конференция материалдарын ТМД Экономикалық Сотының жинақ етіп шығаруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі