дөңгелек үстел

Павлодар облыстық сотында балаларға қатысты даулар бойынша медиацияны өткізу ерекшеліктері талқыланды

26/09/2016

Павлодар облыстық сотында облыс судьяларының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, МЕҰ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, кәсіби медиаторлардың және нотариустардың қатысуымен  «Балаларға қатысты даулар бойынша медиацияны өткізу ерекшеліктері» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелерін талқылады

16/09/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында татуластыру рәсімдері бойынша үлестіруші судьялар, облыстың Соттар әкімшісінің басшысы, Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Қазақстан облыстық соты мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен татуластыру рәсімдерін қолдану саласында өзара әрекет ету» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды

14/09/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Солтүстік Қазақстан облысы соттарының БАҚ-пен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Судьялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «дөңгелек үстел» басында кездесті

09/09/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және сот органдарында электронды технологияларды қолдану» атты «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына сот төрағасы, «Наше право», «Намыс», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, «Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының кәсіптік одағы және сот мамандары қатысты.

Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті

08/09/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың «Қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен Жоғарғы Сот және Бас прокуратура бірлесіп ұйымдастырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды

07/09/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Жол жүру, қоғамдық қауіпсіздік саласында және тұрғындардың көші-қон саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде жіберілетін бұзушылықтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, прокуратура органдарының, көші-қон полициясы басқармасының өкілдері, СҚО ІІД жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ «СК Виктория» және «СК Казахинстрах» АҚ сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

Ақтөбе облыстық сотында сот төрелігін жүзеге асыру барысында сотталушылардың сотқа келуін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

02/09/2016

Ақтөбе облыстық соты прокуратура және ішкі істер Департаментінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Сотталушылардың сотқа келуін қамтамасыз ету сот төрелігін уақытылы жүзеге асыруда міндетті шарт» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» барысында жәбірленушілердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша ҚР ҚПК-нің және ішкі ведомстволық талаптарын қатаң сақтау бойынша бірқатар ескертпелер айтылды. 

Әскери сотта жаңа АПК-ның мәселелері талқыланды

01/04/2016

Әскери сотта өткен дөңгелек үстелде оған қатысушылар – әскер соттардың судьялары, Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының, сондай-ақ үш әскери бөлім өкілдері жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексті қолдану ерекшеліктерін талқылады.

Дөңгелек үстелді Әскери сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Қаженов ашып, қатысушыларға Азаматтық процестік кодекстің ерекшеліктерін түсіндіріп өтті.

Беттер