дөңгелек үстел

Павлодар облысының судьялары мен сот орындаушылары сот актілерінің орындалу мәселелерін талқылады

17/03/2016

Павлодар облысының ауданаралық экономикалық сотында судьялардың, әділет департаменті басшылығының және сот орындаушыларының қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңды қолдану мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Алматы облыстық сотында тергеу әрекеттерін санкциялауда туындайтын мәселелер талқыланды

19/02/2016

Алматы облыстық сотының оқу орталығы бейнебайланыс арқылы қылмыстық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.

Атырауда жаңа редакциядағы АПК жаңашылдықтарын талқылау бойынша өңірлік «дөңгелек үстел» өтті

27/11/2015

Атырау облыстық сотының Оқу орталығында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов төрағалық етіп, облыстың азаматтық істерді қарауға мамандандырылған судьялары мен прокуратура қызметкерлері мен адвокаттар қатысты.

Алматы облыстық сотында кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды

03/07/2015

Алматы облыстық сотында «Кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» тергеу судьялары, прокуратура, облыстық ІІД және ҰҚКД,  адвокатура  өкілдері қатысты.

Текелі қалалық сотының төрағасы Е. Қасымбеков,  Сарқан аудандық сотының тергеу судьясы Г. Баубекова,  облыстық соттың қаржы бөлімінің басшысы Н. Баймұханов баяндама жасады.

Қостанай облысында атқару өндірісінің өзекті мәселелері талқыланды

09/06/2015

Қостанай облысының мамандандырылған ауданарылық экономикалық сотында «Атқару өндірісінің өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған мәселені талқылауда облыстық және қалалық сот судьялары, прокуратура, әділет департаменті, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, облыстық адвокаттар алқасының өкілдері және банктердің заң бөлімдерінің қызметкерлері  қатысты.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру жөнінде өткен «дөңгелек үстел»

27/05/2015

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасында айқындалған 100 нақты қадамды орындау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен «Сот ісін жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығы - бизнестің қарқынды дамуы мен инвестицияларды тартудың кепілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» облыс судьялары, облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұлов, облыс прокурорының м.а. Х.Дәуешов, мүдделі мемлекеттік органдардың, партияның өкілдері, облыс инвесторлары мен ірі кәсіпкерлері қатысты.

Облыстық сотта әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

29/04/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырғанда туындайтын Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Қапшағай қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

16/04/2015

Алматы облысының Қапшағай қалалық сотында 2015 жылдың І-ші тоқсанының қорытындысы  бойынша 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа еңгізілген  ҚР ӘҚБтК нормаларын  қолдану барысында  туындаған мәселелер бойынша  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өтті

06/04/2015

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Абылай ханның резиденциясы» мұражай-кешенінде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Аталмыш іс-шараға облыстық соттың, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары, тарих ғылымдарының докторы А.Ыбыраева және академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты.

Беттер