дөңгелек үстел

Заң көмегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер талқыланды

23/01/2015

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының, Петропавл қалалық сотының, облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьяларының, Әділет департаменті, облыстық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына енгізілген өзгерістер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Судьялар әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтарды талқылады

31/12/2014

Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының жаңа кодексінің негізгі ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Шамұратов, кеңсе меңгерушісі, аудандық прокуратура, құқық қорғау органдары, әділет басқармасы, «Бурабай АЭА» кеден бекетінің және тағы басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы

06/11/2014

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотында Тілдерді дамыту басқармасының, прокуратура, Сот актілерін орындау бойынша департаменттің, қалалық ішкі істер басқармасының, адвокатураның, түзету мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өтті.

Жамбыл облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық процесстік кодекстерінің жаңашылықтары талқыланды.

31/10/2014

Ағымдағы жылғы 31 қазанда Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәжіліс залында «Қылмыстық және қылмыстық процесстік  заңнамалардың новеллалары» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Онтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, қылмыстық-процестік кодексінің негізгі новеллалары тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті

10/10/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодексінің негізгі новеллалары жөнінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға  облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы З.Пірнияз, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура,  ішкі істер органдарының  және БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңа заңдар талқыланды

03/10/2014

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық процестік кодексін талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Алқалы жиынға облыстың қылмыстық істерді қарайтын судьялары, облыстық ішкі істер департаментінің, тергеу басқармасының прокуратура органдарының өкілдері қатысты.

Медиация институтын қолдану тәжірибесі

24/09/2014

Бүгін Павлодар облысының Ертіс аудандық сотында кәсіби медиаторлардың «Медиация және бейбітшілік бірыңғай орталығы» өкілдігінің басшысы С.Г.Белогурдың және жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Медиация институтын қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар медиация арқылы келісімдерді жүргізу, дауларды реттеу сияқты мәселелерді талқыға салып, тұжырымды жауаптар алды.        

Тараз қалалық сотында медиация қолдану мәселелерін талқылады

10/09/2014

Тараз қалалық сотында медиация заңын қолдану мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға қалалық соттың судьялары, кәсіпқой медиаторлар, адвокаттар, заңгерлер қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың сәуір айында ҚР Жоғарғы Соты «Сот медиациясы» пилоттық жобасын қолданысқа енгізді. Аталған жобаны іске асыру барысында Тараз қалалық сотының судьялары 30 істі сот медиациясы тәртібімен қарап, оның 19 ісін бітімгершілік тәртіппен қысқартқан.

Медиация туралы Заңды қолдануда туындайтын мәселелер талқыланды

18/08/2014

Бүгін Алматы облыстық сотында «Медиация туралы» Заңды қолдануда туындайтын мәселелерге арналған  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстық, қалалық, мамандандырылған ауданаралық экономикалық, Көксу, Ескелді, Қаратал, Ақсу аудандық, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты. 

Алматы облыстық сотында Кодекстердегі өзгерістер талқыға түсті

14/08/2014

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Алматы облысының сот, прокуратура , адвокатура, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару және салық басқармаларының өкілдері қатысты.

Беттер