дөңгелек үстел

Алқабиге үміткерлердің тізімдерін жасаудың өзекті мәселелері

31/03/2015

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Алқабиге кандидаттардың негізгі және қосалқы тізімдерін сапалы жасау мәселелері» тақырыбында прокуратура органдары, облыс, Петропавл қаласы әкімдерінің аппараты, психоневрологиялық диспансер, облыстық  наркология орталығы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Азаматтық процестік кодексі жобасын талқылау бойынша ведомствоаралық «дөңгелек үстел» өтті

31/03/2015

Бүгін Павлодар облыстық сотында судьялардың, адвокатура, прокуратура, әділет басқармасы, мемлекеттік кіріс департаменті өкілдерінің және медиаторлардың қатысуымен жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексі жобасын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» болып өтті. 

Сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

27/03/2015

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында прокуратура, әділет органдары, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдерінің, сот орындаушыларының қатысуымен «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Жоғарғы Сотта жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс жобасы талқыланды

13/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта «Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі аясында азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және  қорғау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 

 Іс-шараны Жоғарғы Сот пен Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырды. «Дөңгелек үстелді» ұйымдастыруға «Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғам (GIZ) және «БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасы» қолдау көрсетті.

Тараз қалалық сотында мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын мәселелер талқыланды

02/03/2015

Тараз қалалық сотында мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау мәселелері талқыланды. Іс-шара Жамбыл облыстық соттары Оқу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық, қалалық соттың судьялары, сондай-ақ қалалық нотариалдық палата өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында төрешілдік рәсімдерді төмендету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

27/02/2015

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Сот төрелігін әрі қарай іске асыру, төрешілдік рәсімдерді төмендету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қарашадағы заңының ережелерін тәжірибе жүзінде қолдануға байланысты мәселелерді талқылады.

2015 жылғы 20 ақпанда Ақтөбеде ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді

17/02/2015

2015 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Ақтөбе облыстық сотының оқу орталығының шеңберінде «Сот төрелігінің қолжетімділігіне бағытталған Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясы» атты дөңгелек үстел өтеді.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Ұлболсын Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров, Зағипа Балиева, Талғат Ергалиев, Төлеген Ибраев қатысады.

2015 жылғы 13 ақпанда Жоғарғы Сот ҚР Азаматтық процестік кодексінің жаңа редакциясын талдау жөнінде дөңгелек үстел өткізеді

11/02/2015

2015 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Алматы қалалық сотының оқу орталығының шеңберінде Азаматтық процестік кодексінің жаңа редакциясын талдау жөнінде дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров, Жұматай Әлиев, Зағипа Балиева, Андрей Бегенеев, Гүлмира Исімбаева, Серік Оспанов, Айгүл Соловьева, Арман Қожахметов, Нұрлан Жазылбеков қатысады.

«Әділ сот жүйесі және тұрақты заңнама – жағымды инвестициялық ахуалдың негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

06/02/2015

Бүгін Астана қаласындағы «Rixos» қонақ үйінің конференц-залында Қ.Ә.Мәмидің төрағалығымен «Әділ сот жүйесі және тұрақты заңнама – жағымды инвестициялық ахуалдың негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Мұнай-газ саласының қазақстандық заңгерлер қауымдастығы, КАZВАR коммерциялық заңгерлер алқасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының заңнама актілерінің жаңа енгізілімдерін талқылау

29/01/2015

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасының заңнама актілерінің жаңа енгізілімдерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Беттер