дөңгелек үстел

Жалағаш аудандық сотында Кодекстердің негізгі ережелері талқыланды

13/08/2014

Бүгін Қызылорда облысының Жалағаш аудандық сотында жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жалағаш ауданының сот, прокуратура, адвокатура, ішкі істер органдары, қылмыстық атқару және салық басқармаларының өкілдері қатысты.

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Наримов жоғарыда аталған кодекстердің ерекшеліктерін сөз етті.

Сотқа материалдар жолдау барысында жіберілетін кемшіліктер талқыланды

05/08/2014

Бүгін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «шартты түрде мерзімінен бұрын босату, үкімді заңға сәйкестендіру, нашақорлықтан және маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуді тоқтату, әкімшілік қадағалауды белгілеу және түзету мекеме түрін ауыстыру туралы материалдарды қарау барысында туындайтын мәселелерге» арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Семей қалалық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

05/08/2014

Бүгін Семей қалалық сотында сот актілерін орындаудың өзекті мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Осы шараға Семей қалалық  сотының төрағасы А.М.Жұмағұлов, оқу бағдарламаларын үйлестірушісінің көмекшісі судья К.З.Сапинова, судьялар А.С. Секенов пен  М.Б.Қырғабақов,  аумақтық сот орындаушылары бөлімінің, прокуратура, ішкі істер органдарының, коммуналдық қызметтердің өкілдері мен журналистер қатысты.        

Электронды сервистерді енгізу

01/08/2014

Ақмола облысының Кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ақпараттық электронды сервисті енгізу бойынша «Сот кабинеті» және «Мемлекеттік органдардағы құжат айналымының бірыңғай электронды жүйесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына аталмыш сот судьялары, прокуратура, ішкі істер департаментінің, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Заңға енгізілген өзгерістер талқыланды

31/07/2014

Қостанай гарнизонының Әскери сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларына енгізілген өзгерістерді талқылау»  атты дөңгелек үстел өткізілді. 

Іс-шараға Қостанай гарнизоны Әскери сотының судьялары мен мамандары, гарнизон прокуратурасының қызметкелері, әскери-тергеу және әскери полиция қызметкерлері, әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Іс қағаздарын жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылуы

27/06/2014

Қазақстан Республикасы Әскери сотында «Сот істерін мемлекеттік тілде қараудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қорғаныс министрлігі, Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасы, Бас прокаратура, ІІМ министрлігі, Адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстелді ашқан Қазақстан Республикасы Әскери Сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев болып жатқан шараның еліміз үшін  үлкен маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанды Отаным деп санайтын әрбір азамат мемлекеттік тілге зор құрметпен қарау керектігіне тоқталды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

26/06/2014

Бүгін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Семей қаласындағы сот, прокуратура, ішкі іcтер, әділет, салық, кеден салаларының өкілдері қатысты. 

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

25/04/2014

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот және жергілікті соттар судьялары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Бас Прокуратураның, Судьялар одағының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.  

 

 

 

Беттер