Жалағаш аудандық сотында Кодекстердің негізгі ережелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облысының Жалағаш аудандық сотында жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жалағаш ауданының сот, прокуратура, адвокатура, ішкі істер органдары, қылмыстық атқару және салық басқармаларының өкілдері қатысты.

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Наримов жоғарыда аталған кодекстердің ерекшеліктерін сөз етті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар кодекстерге енгізілген өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру қажет деген ортақ пікірге келді. 

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі