Павлодарда банк қарыздарының шарты бойынша берешекті өндіріп алумен байланысты азаматтық істер қараудың проблемалық мәселелерді талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық соты оқу орталығының базасында прокуратура өкілдерінің, сот орындаушыларының, екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ Павлодар облысы судьяларының қатысуымен «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша заңнама қолданудың кейбір мәселелері» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Төрағаның м.а. Бақытбек Бегалиев «дөңгелек үстелді» аша келе, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында біздің заңнаманың жаңа сипаттағы жағдайларға бейімделуі негізгі міндет болып белгіленгенін атап өтті. Президент макроэкономикалық тұрақтылыққа, банктік секторының сауықтыруына бағытталған шаралар кешенін қабылдау қажеттілігін айтты.

Павлодар облыстық сотының судьясы Г.Джаппарова өз баяндамасында қатысушылардың назарын осы санаттағы істер бойынша бітімгершілік рәсімдерінің кеңінен қолдану қажеттілігіне аударған. Медиация институтының қарқынды дамуына қарамастан, Банктердің тараптарды татуластыру мәселесі, өкінішке орай, қаралмайды. Тек кейбір жекелеген банктер ғана медиативтік келісім жасау практикасына ие.

Павлодар қалалық сотының судьялары заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық істер бойынша Павлодар облысының соттары жасаған бітімгершілік рәсімдері бойынша ұйғарымдардың үлгілер жинағының тұсаукесерін өткізді. Жинақтар дөңгелек үстел қатысушыларының әрқайсысына берілген.

Баяндамалар мен пікірталас барысында берешекті мерзімінен бұрын өндіріп алу, сыйақыны, айып төлемнің төмендеу шегін және мөлшерін есептеу, кепілдік мүлікке жазаның айналуы, банктік қарыз шарттары бойынша мұрагерлердің жауапкершілігі мәселелері талқыланды.

«Дөңгелек үстел» соңында банктік заңнамамен байланысты істер қарау практикасын бұдан әрі жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстардың қабылданды.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі