Павлодар облысының судьялары азаматтармен бірқатар кездесулер өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Судьялар, отставкадағы судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, Соттар әкімшісінің орынбасары және психолог Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және   бейімдеу орталығында тұратын әйелдердің және балалары бар әйелдердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Орталықта балалары бар он үш әйел судьялармен сенім білдіре отырып әңгімелесу барысында тиісті құқықтық кеңестер алды.

Халыққа қызмет қызмет көрсету орталығында облыс орталығының тұрғындары үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Облыстың жүз жиырмадан астам тұрғыны отбасылық мәселелер мен ата-аналарға қатысты құқықтық кеңестер ала алды.

Азаматтардың өтініштері отбасын сақтау, алименттер өндіріп алу, балаларды тәрбиелеу, ата-аналық міндеттерін орындау және отбасындағы тұрмыстық жанжалдардың алдын алу туралы даулар мәселелеріне қатысты болды.

Өңірдегі судьялар жас отбасылар арасындағы қалалық форумға отбасылық құндылықтарды, татуласу қабілетін насихаттай отырып қатысты.

Іс-шаралар отбасы институтын сақтауға, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, отбасылық дауларды соттан тыс тәртіппен татуласу жолымен шешу жолдары туралы құқықтық білімді дамытуға бағытталған.Облыс судьялары бірқатар қайырымдылық шараларын өткізді.

 

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі